МЕЙІРБИКЕЛІК ІС САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ БАКАЛАВРЫ (МІБ)

Назарбаев Университеті Медицина мектебі Мейірбике ісінің бакалавры (МІБ) дәрежесін алу үшін өз түріндегі алғашқы, қазіргі заманғы бағдарламаны ұсынады, ол

  • кәсіби мейірбикелік тәжірибесі бойынша бакалавр дәрежесін алу үшін Еуропалық Одақтың стандарттары, сондай ақ АҚШ талаптары секілді халықаралық білім беруді, оқыту мен біліктілікті жүйелейді.
  • Бүкіл Қазақстандағы МІБ-тің өзінше жалғыз бағдарламасы болып табылады.

Бұл Мейірбике ісі бакалавриатының 4 жылдық бағдарламасы Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (НУММ) негізінде өткізіледі және:

  • медициналық жоғары оқу орындарының студенттерімен, оқытушылармен және медицина қызметкерлерімен бірге білім алуға және жұмыс істеуге бірегей мүмкіндікті
  • іргелі ғылым және гуманитарлық ғылымдар негізінде құрылған бағдарламаны және мейірбике ісі бойынша мамандандырудың міндетті курсын
  • Сіз теориялық дайындық, сондай-ақ біздің Модельдеу орталығында жаттықтырғыштарда оқыту, сондай-ақ пациенттерді тікелей емдеу және аурухана жағдайында клиникалық оқыту өтетін, білім алу мүмкіндіктерін
  • төртінші оқу жылына қарай студент аудиториялық оқытудан пациенттерді клиникалық қарауына қарай көше бастайды
  • студенттердің зерттеулер жүргізу үшін де, факультет және/немесе студенттік зерттеу жобаларында барлық бағдарлама бойынша жұмыс істеу үшін де мүмкіндігі бар болады.

Соңғы оқу жылында Бітіру дипломдық жұмысын тапсыру қажет.

Неге Мейірбикелік істі тәмамдау керек?  Медбикелердің жұмысы маңызды.  Назарбаев Университетінде Мейірбике ісін тәмамда!

Денсаулық сақтау саласындағы медбике мансабыныз бар болғанда, Сіз:

  • жергілікті тұрғындар мен елді мекендердің өмірін шын мәнінде өзгертуге қызықты мүмкіндіктер алу
  • ұлттық және халықаралық деңгейлердегі адамдардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгерту.

 Медбикелер немен айналысады? Мейірбикелердің пайымдауы мен миссиясы қоғамды денсаулықты жақсартуға, салауатты өмір салтына, қауіпсіз жұмыс орындарына және әлеуметтік бағдарланған денсаулық сақтауға жәрдемдесуден тұрады.

  • Медбикелер өзгерістер енгізіп, қазақстандықтардың денсаулығына оң әсерін тигізеді және тек ол ғана емес
  • Медбикелер жергілікті және жаһандық деңгейде түрлі жағдайларда күтуді қамтамасыз етеді.
  • Медбикелер дәстүрлі ауруханадан басқа түрлі жағдайларда жұмыс істейді:
    • Әкімшілік немесе басқару лауазымдары
    • Білім және ғылыми зерттеулер
    • Кеңес беру
    • Қоғамдық және мемлекеттік медициналық орталықтар
    • Әлеуметтік жұмыс
    • Мамандану салалары
    • Үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар (мысалы, ДДҰ, "Үміт" жобасы, Қызыл Крест, "Шекарасыз дәрігерлер")

Медбике мамандығына дайындық

Сізді Назарбаев Университетінің түлегі болу үшін дайындайтын студенттерге арналған негізгі оқу бағдарламасына қосымша ретінде Назарбаев Университеті мен НУММ қарқынды академиялық бағдарлама аясында медбике мамандығына дайындайды.

Ғылыми бағыттағы курстар:

  • Химия, анатомия және физиология, патофизиология, генетика, фармакология

Әлеуметтік және мінез-құлық ғылымдар курстары:

  • Әлеуметтану, психология

Зерттеу бағыты бойынша курстар:

  • Статистика, зерттеу әдістері, сапаны арттыру үшін деректерді талдау

Мейірбике ісі ғылымына бағытталған курстар өзіне мыналарды қамтиды:

  • Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу, тамақтану
  • Мейірбикелік тәжірибе негіздері, медициналық-хирургиялық мейірбике ісі, педиатриядағы мейірбике ісі, акушерліктегі мейірбике ісі, психиатриядағы мейірбике ісі, әлеуметтік-бағытталған мейірбике ісі, қарт жастағы науқасты күту жөніндегі мейірбике

 МІБ дәрежесімен аяқтағаннан кейін

  • Өз мансабыңызды бастаңыз! Медбикелер жергілікті және жаһандық деңгейде үлкен сұранысқа ие.
  • МІБ бағдарламасы мейірбике ісі және басқа да аралас салаларда жоғары білім үшін негізді қамтамасыз етеді.
  • Үздіксіз кәсіби даму және өмір бойы оқыту үшін ынталандыру болып табылады.

Қабылдау талаптары

Қабылдау талаптары үшін сілтеме бойынша өтіңіз. Онлайн тіркелу: 2018 жылғы 22 қазан - 2019 жылғы 15 сәуір (23.59 Астана уақыты бойынша)

Медбикелердің кәсіби даму бағдарламасы (PDP)

Питсбург Университетінің Мейірбике Мектебімен және Питтсбург Медициналық Орталығымен (UPMC) ынтымақтастықта кәсіби даму бағдарламасы. Дәлелді халықаралық стандарттарға сәйкес клиникалық дағдыларыңызды және негізгі ғылыми білімдеріңізді жақсарту. Егер табыста аяқтасаңыз, Сізге куәлік беріледі және сіз екі жылдық Медбикелік іс саласындағы қолданбалы бакалавриат бағдарламасына түсуге құқылы бола аласыз.

Түсуге қойылатын талаптар

  • Орташадан жоғары академиялық көрсеткіштері бар үш жылдық мейірбикелік бағдарламаның түлегі.
  • Екі немесе одан да көп жылдар бойы мейірбике ретінде жақсы жұмыс көрсеткіштері бар тәжірибе.

Қажетті құжаттар:

  • Өтініш нысаны. Нысанды мына жерден жүктеп, басып шығарып, оны толтырыңыз, сканерлеңіз және басқа қажетті құжаттармен бірге жіберіңіз.
  • Ұсыным хаты (тікелей жетекшінің, бас медбикенің, жұмыс істейтін бөлімнің дәрігерінен)
  • Жұмыс орнынан қолдау хат
  • Бұл бағдарламаға неліктен қызығушылық танытатыны туралы, осы бағдарлама не беретіндігі және болашақ мансап / білім жоспарлары қандай болатынын сипаттайтын бір беттік эссе.
  • 1 (жаман) 5-тен (жақсы) ұпайлар:

-Жазудың анықтығы.

- Келешектегі жоспарлар мен бағдарламаның мақсаттары арасындағы теңгерім.

  • Куәлік
  • Диплом қосымшамен
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Маңызды күндер

2019ж. медбикелердің кәсіби даму бағдарламасына өтінім беру уақыты жабық.

2021 © School of Medicine