Бакалавриат студенттері

Құрметті студенттер!

Назарбаев Университетінің Медицина мектебіне қош келдіңіздер. Медицина мектебі бүгінгі таңда академиялық медициналық орталығымен және халықаралық әріптестерімен бірлесіп, өз миссиясында анықтап көрсеткен ғылым, білім беру және клиникалық күтім сияқты саларда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Қазақстандағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты және қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында биылғы жылы Бағдарлау апталығы негізінен онлайн түрінде өткізіледі (жеке қатысуды қажет ететін Медицина докторы бағдарламасын қоспағанда).

Бағыттау аптасында сіз мектептен және Назарбаев Университетінің басқа бөлімшелерінен пайдалы ақпарат аласыз.

Мектептің бағдарлау сессиясының бағдарламасымен келесі сілтемелер арқылы таныса аласыз:

«Медицина ғылымдары саласындағы бакалавр» және «Мейірбикелік іс саласындағы ғылым бакалавры» бағдарламаларына арналған бейімделу аптасының кестесі 2021

«Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасына арналған бейімделу аптасының кестесі 2021

Студенттер мектептің және бағдарлама/мамандық бойынша барлық сессияларына (Zoom) қатысуы міндетті. Бағдарлау сессияларына қатыспау оқу туралы ұсыныстың (offer) күшін жоюына әкеліп соқтырады. Қосымша ақпаратты Бағдарлау апталығының веб-парағынан алуға болады.

Zoom сессияларына қатысу үшін бағдарламаны жүктеп, орнатыңыз, UG / Graduate / PhD бағдарлау апталығының кестесінде көрсетілген сілтемелер арқылы сессияларға тіркеліңіз. Тіркелу үшін студенттер, Zoom сессиясына мәліметтерін енгізу кезінде, жеке Назарбаев Университетінің электронды мекен-жайын пайдалануы керек.

2021 © School of Medicine