Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторантура

ЖАҺАНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

 

  • Жаһандық денсаулық сақтау– бұл жаһандық контексте қоғамдық денсаулық
  • Жаһандық денсаулық сақтау – бұл бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығын жақсартуға басымдық беретін оқу, зерттеу және тәжірибе саласы.
  • Жаһандық денсаулық сақтауда халықаралық контексте денсаулықтың детерминанттары мен таралуына назар аударатын бірнеше перспективалар қолданылады.

Жаһандық денсаулық сақтау Қазақстанда да, Орталық Азияда да, халықаралық деңгейде де маңызды сипатқа ие болды. Жаһандық денсаулық сақтау – бұл халық деңгейіндегі күш-жігер арқылы денсаулықтың кең детерминанттарына әсер ететін аурудың негізгі себептерімен күресуге бағытталған зерттеулердің, тәжірибенің және ғылыми дамудың кеңейтілген саласы. Соңғы жылдары жаһандық денсаулық сақтау мамандарының рөлі өзара байланысты әлемнің қажеттіліктерін және күрделі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін дамыды.

Жаһандық денсаулық проблемалары алдағы жылдарда дүниетанымын, дағдылары мен құзыреттерін кеңейту үшін пәндер бойынша мамандардың көбеюін талап етеді.Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторанттар білім өндірісі мен оны шешім қабылдауда қолдану арасындағы алшақтықты жою үшін өте қолайлы жағдайға ие болады және, сайып келгенде, олар денсаулықты жақсарту және Қазақстанда, Орталық Азияда және бүкіл әлемде денсаулық саласындағы теңдікке қол жеткізуге тырысады.

Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторантура бағдарламасының миссиясы жаһандық денсаулық сақтау зерттеушілерінің келесі ұрпағын оқыту және оларды осы саладағы көшбасшылыққа дайындау. Біздің түлектер жетекші университеттерде, ғылыми және саяси ұйымдарда, денсаулық сақтауда, халықаралық институттарда және үкіметтік емес ұйымдарда ғылыми мансапты жалғастырады.

Бағдарлама құрылымы

  • Диссертация (180): Негізгі пункт – практикалық зерттеу  (75%)
  • Курстар (60)

○  Жаһандық денсаулық сақтау негіздері: ЖД негізгі проблемалары

○  Денсаулық сақтау саясаты және ЖД сақтаудың жүйелі перспективалары : дәлелдер мен қатусышылар

○  Іс-әрекеттегі ЖД сақтау : жаһандық денсаулық бағдарламалары мен бастамаларын жобалау, енгізу, басқару және бағалау

○  Денсаулық сақтау саласындағы жаһандық зерттеулердегі әдістер: гипотезаны, зерттеу тапсырмаларын әзірлеу, сәйкес әдістемелерді ұсыну

○  Денсаулық сақтау саласындағы жаһандық зерттеулердің озық әдістері: ғылыми ұсыныстарды әзірлеу, негізгі нәтижелерді анықтау, ғылыми білімді пайдалана отырып, нәтижелерді контексте енгізу

○  ЖД сақтау әдебиеттерін сыни бағалау: жарияланымдар

○  НУММ ЖД сақтау семинары: ғылыми жобалардың презентациялары

○  Биомедициналық ғылымдардағы жазу (биомедицина ғылымдары саласындағы докторантура)

○  Элективті курстар

2021 © School of Medicine