Жалпы хирургия бойынша резидентура бағдарламасы
Құрылымы
НУММ жалпы хирургия бойынша резидентура бағдарламасының негізгі мақсаты жалпы хирургияның барлық аспектілерін жақсы білетін, іргелі және клиникалық зерттеулер саласында жақсы дайындығы бар жалпы практиканың поливалентті хирургін дайындау болып табылады. Біздің түлектеріміз өз қызметін жалпы бейіндегі ауруханада немесе университет жанындағы ауруханада оқытушы ретінде жүзеге асыруы мүмкін.
Клиникалық тапсырмалар пациентттерді емдеуде жауапкершілік деңгейі мен сабақтастыққа, білім беру мен қызмет көрсетудің арасында теңгерімге, сондай-ақ әр резидент үшін прогрессивті клиникалық тәжірибе деңгейлеріне қол жеткізуге кепілдік беру үшін мұқият құрылымдалатын болады.
Бесжылдық оқу бағдарламасы жалпы хирургияға оқыту үшін когнитивті, психомоторлық және аффективті мақсаттарды қамтамасыз етеді және резиденттерге кең жалпы хирургиялық қағидаттар бойынша білім алу және тиісті техникалық және қимыл дағдыларын дамыту мүмкіндігін ұсынады.
Жалпы хирургия резиденттері келесі салаларда 1-2 айлық орын ауыстырулардан өтеді:
- Жалпы хирургия
- Жедел терапия
- Анестезиология
- Дәрігерлік амбулатория
- Педиатриялық хирургия
- Хирургиялық онкология
- Торакалді хирургия
- Трансплантациялық хирургия
- Травматология
- Тамыр хирургиясы
- Асқазан-ішек жолы жоғары бөлімінің хирургиясы
- Колоректалді хирургия
- Эндокриндік жүйе органдарының/сүт безі хирургиясы
- Эндоскопия
- Базалық гинекология
- Урология
ПДГ 1
Бұл орын ауысулар операция алдындағы және операциядан кейінгі хирургиялық көмек негіздерінің кең әсерін және тіндерді өңдеу, жай және күрделі жарақаттарды жабу, негізгі жалпы хирургиялық рәсімдердің әсері және орындау сияқты хирургиялық техникалық дағдылар үшін берік негізді қамтамасыз етуге арналған. Орын ауысулар өзінде жалпы және тамыр хирургиясы, торакалді хирургия, травматология және педиатриялық хирургия, анестезиология, колоректалді хирургия, асқазан-ішек хирургиясы, эндокринді хирургия/сүт безі хирургиясы, дәрігерлік амбулатория, жедел терапия тәжірибесін қамтиды, ұзақтығы 1 ай.
ПДГ 2
Бұл орын ауысулар резидентке сыни жағдайдағы пациенттердің, сондай-ақ іш қабырғасының жарығы, тоқ ішек обыры және жіті қабыну процестері сияқты кең тараған хирургиялық аурулары бар пациенттердің жай-күйі мен күтім көрсетуді бағалау үшін қажет білім, тәжірибе және шешімдер ұсынуға арналған. Орын ауысулар өзінде хирургиялық онкология, жалпы хирургия, торакалді хирургия, травматология, колоректалді хирургия, эндокринді хирургия/сүт безі хирургиясы, жедел терапия, эндоскопия және трансплантациологиялық хирургия тәжірибесін қамтиды, ұзақтығы 1-2 ай.
ПДГ 3
ПДГ-3 кезеңінде орын ауыстырулар барысында өзінде трансплантациялық хирургияны, тамыр хирургиясын, торакалді хирургияны, тоқ ішекке және тік ішікке операциялар, жалпы хирургия және асқазан-ішек хирургиясы бойынша хирургиялық техникаға және дағдыларды жетілдіруге ерекше назар аударылады. Тапсырма 4-6 аптаға есептелген. 3-ші жылдың резиденттері жалпы хирургия бойынша жоспарлы және шұғыл хирургиялық консультациялар жүргізу үшін жауапты болады.
ПДГ 4
ПДГ-4 кезеңінде өзінде орын ауыстырулар барысында хирургиялық онкологияны, тоқ ішекке және тік ішікке, асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігіне операцияларды, жарақаттарды және эндокринді хирургияны қамтитын хирургиялық техникаға және дағдыларды жетілдіруге ерекше назар аударылады. Тапсырма 6-10 аптаға еептелген. 4-ші жылдың резиденттері хирургиялық пациенттерге күтім көрсетуде жетекші рөл атқара бастайды. Бұл резиденттер жалпы хирургия бойынша жоспарлы және шұғыл хирургиялық консультациялар жүргізу үшін жауапты болады. Емдейтін хирургтардың басшылығымен осы резиденттер сүт безі биопсиясын, аппендэктомияны, холецистэктомияны, зерттеу лапаротомиясы мен колостомияны қоса алғанда, негізгі және лапароскопиялық хирургиялық рәсімдердің кең ауқымын орындайтын болады.
ПДГ 5
Аяқтау жылының негізгі мақсаты клиникалық тәжірибесі көлемінің ұлғаюымен және алуан түрлілігімен диагностикалық және терапевтік дағдылардың дамуымен, резиденттердің консультанттар және тәуелсіз, құзыретті әрі өзіне сенімді жалпы бейіндегі хирургтар ретінде қалыптасуына байланысты. Клиникалық орын ауысулар бас резидентке негізгі, сондай-ақ күрделі хирургиялық проблемалары бар пациенттерді емдеу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Емдейтін хирургтің басшылығымен бас резидент жалпы хирургия, хирургиялық онкология, колоректалді хирургия және асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігінің хирургиясы пациенттеріне үзіліссіз операция алдындағы, жедел және операциядан кейінгі көмек көрсету үшін жауапты болады.
Білім беру қызметі
Апта сайын хирургиялық конференцияларда сырқаттылық пен өлім-жітім оқиғалары қаралады. Апта сайынғы ғылыми және клиникалық семинарлар топтамаларында хирургиялық емдеумен байланысты іргелі проблемалар бойынша негізгі оқу бағдарламалары қаралады. Хирургия факультетінің, клиникалық және іргелі ғылым факультеттерінің басқа да қызметкерлері баяндамалар оқиды. Үлкен хирургиялық конференциялар ай сайынғы негізде өтеді және өзінде тамыр, эндокринді, травматологиялық және асқазан-ішек хирургиясы сияқты, жалпы хирургияның аспектілері бойынша, сондай-ақ хирургиялық мамандықтар бойынша таныстырылымдарды қамтиды.
Жалпы хирургия бойынша бағдарламаны аяқтау үшін қойылатын талаптар.
Бағдарлама және мерзімдеріне қатысты талаптар
- Жалпы хирургия бағдарламасы бойынша кем дегенде 5 жыл резидентура.
- Алынған тәжірибесінің көлеміне байланыссыз резидентураның әр жылында кем дегенде 48 апта штаттық клиникалық тәжірибе.
- 5 жыл ішінде өсе түскен жауапкершілікпен кем дегенде 54 ай клиникалық хирургиялық тәжірибе, оның ішінде жалпы хирургияның пән бөлімдеріне арналған кемінде 42 ай тәжірибе.
Бір жыл бас резидент рөлінде болу
- Төменде келтірілген айқындамаға сәйкес ПДГ-5 ішінде кем дегенде 24 апта бойы жалпы хирургия бойынша бас резидент функциясын орындау.
- «Бас резидент» термині резидент оқытушы-профессорлар құрамының басшылығымен өзіне пациентті емдеу үшін жеке жауапкершілік алғанын және пациентті тікелей емдеуге қатысатын ең аға резидент болып табылатынын көрсетеді.
- Жалпы хирургияның пән саласында бас резиденттің барлық тәжірибесі, оның ішінде қандай да бір нақты салаға жұмсалған кем дегенде 4 ай тәжірибе. ПДГ-5 деңгейіндегі барлық орын ауысулар практикалық тәжірибені және тәуелсіз шешімдер қабылдауды қамтуы тиіс.
Нақты талаптар
- Лапароскопиялық хирургия негіздерінен білім алуды аяқтау,
- «Advanced Cardiovascular Life Support» оқу бағдарламасын аяқтау,
- «Advanced Life Trauma Life Support» оқу бағдарламасын аяқтау,
- «Flexible Endoscopy» оқу бағдарламасын аяқтау,
- Резидентураны өту кезінде бағдарлама директоры немесе оқытушы-профессорлар құрамының басқа мүшелері өткізген нәтижелеліктің кем дегенде 6 практикалық және 6 клиникалық бағалары.
Клиникалық тәжірибе мекен-жайы
Тәжірибе | Мекен-жайы |
Жедел терапия | Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы |
Анестезиология | Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы |
Педиатриялық хирургия | UMC, Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы |
Гинекология | UMC, Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы |
Эндокринді жүйе органдары/сүт безі хирургиясы | UMC, Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы |
Жалпы хирургия | №2 Көпбейінді қалалық аурухана |
Травматология | №2 Көпбейінді қалалық аурухана |
Торакалді хирургия | №2 Көпбейінді қалалық аурухана |
Асқазан-ішек жолы жолы жоғары бөліктерінің хирургиясы | Ұлттық ғылыми медициналық орталық |
Колоректалді хирургия | Ұлттық ғылыми медициналық орталық |
Тамыр хирургиясы | Ұлттық ғылыми медициналық орталық |
Дәрігерлік амбулатория | UMC, Республикалық диагностикалық орталығы |