Медбикелік іс бакалавры
2022-2023 бағдарламасы бойынша оқыту конкурсына қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер
Онлайн тіркелу мерзімдері:
Жергілікті талапкерлерге – 2022 жылғы 17 қаңтар – 2022 жылғы 29 сәуір
Шетелдік талапкерлерге – N/A
Кімдер өтініш бере алады?
Соңғы 5 жылдағы мейірбикелік іс бойынша кемінде 2 жыл кәсіби және / немесе ерікті тәжірибесі және сертификаты бар медбикелер.
Медбикелік іс бакалавры бағдарламасына түсу үшін үміткерге:
- жеке кабинетте орналастырылған өтінім нысанын толтыру қажет;
- тіркеу сәтінде күші бар, қажетті құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелерін жеке кабинетке салу керек;
- барлық құжаттарды табысты ұсынғаннан және Қабылдау комиссиясы қарағаннан кейін үміткерге медбикелік іс саласындағы Қабылдау тестісінің екі бөлігінен өту ұсынылады;
- NAT-ты табысты өткеннен кейін үміткер Қабылдау комиссиясымен сұхбаттасуға шақырылады.
ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
-
МІБ бағдарламасына арналған сауалнама нысаны.
-
Паспорттың/жеке куәліктің сканерленген көшірмесі.
-
Мейірбикелік іс саласындағы транскрипті бар дипломның немесе баламасының нотариалды расталған және сканерленген көшірмесі немесе транскрипттің баламалы тексерілген сандық көшірмесі.
-
Дипломнан кейінгі оқытудың нотариалды расталған және сканерленген көшірмесі.
-
Еңбек кітапшасының немесе өзге де балама құжаттың нотариалды расталған және сканерленген көшірмесі.
-
Мейірбикелік іс саласындағы маманның қолданыстағы сертификаты (электрондық нысанда).
-
Ағылшын тілінде екі (2) ұсыным хат (электрондық нысанда).
-
Ағылшын тілінде эссе (400-800 сөз) (электрондық нысанда).