Педиатрия бойынша резидентура бағдарламасы
Бағдарламаның сипаттамасы
Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің (НУММ) Педиатрия бойынша резидентура – аурухана жағдайында жұмыс істеуге қабілетті педиатр немесе педиатриядағы жалпы тәжірибелік дәрігер болғысы келетін дәрігерлерді даярлайтын үш жылдық бағдарлама.
1-ші 2-ші жылдарда, резиденттер амбулаториялық көпжылдық тәжірибеге қосымша ретінде педиатрияның түрлі және мамандандырылған бөлімшелерінде жоғары сапалы клиникалық дайындықтан өтеді. Оқытудың 3-ші жылында резиденттерге өз оқуы мен оқу жоспарын белгілі бір салаларға шоғырландыру мүмкіндігі ұсынылады.
Осы бағдарлама ДКМБАК-тың (дипломнан кейінгі медициналық білімді аккредиттеу кеңесі) негізгі алты кәсіби сапаларына және педиатрия бойынша оның маңызды жобасына сәйкес білікті педиаторларды даярлайды. Сондықтан осы бағдарлама түрлі клиникалық жағдайларда педиатрлық практикамен айналысуға немесе педиатрияның тар шеңбердегі мамандықтары (мысалы, педиатрия бойынша клиникалық аспирантура) бойынша оқуларын жалғастыруға дайын резиденттерді негізгі дағдылармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, осы бағдарлама жоғары оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істеуге қабілетті дәрігерлерді оқыту үшін резиденттерге клиникалық және қолданбалы зерттеулер жүргізу мүмкіндігін ұсынады.
Бағдарламаны оқыту нәтижелері
Осы Оқу бағдарламасының нәтижелері (ОН) педиатрия бойынша ДКСБАК-ның бақылау нүктелеріне сәйкес келеді (А қосымшасын қараңыз). Осы бақылау нүктелері клиникалық жағдайларда мамандандыруға (немесе кіші мамандандыру) қажетті барлық негізгі аспектілер, дағдылар мен іскерлік бойынша резиденттің үлгерімін тігінен және көлденең бағалауға негіз болып табылады.
Педиатрия бойынша резидентура бағдарламасы аяқталған соң резиденттер педиатрия бойынша ДКСБАК көптеген бақылау нүктелері бойынша ғылыми дәреже алу үшін нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізулері тиіс, атап айтқанда:
1. Пациенттерге күтім көрсету:
- Пациент туралы маңызды және нақты ақпарат жинау;
- пациенттерге қауіпсіз, тиімді және адекватты күтімді қамтамасыз ету үшін жауапкершілік басымдылығын ұйымдастыру және белгілеу;
- Күтімнің бірқалыпты жүргізілуін қамтамасыз ету;
- Оңтайлы клиникалық бағаларды алуға бағытталған диагностикалық және терапевтік негізделген шешімдерді қабылдау;
- Басқаруға байланысты медициналық жоспарларды әзірлеу және іске асыру.
2. Медициналық білім:
- Пациенттерге күтім көрсету үшін ағымдағы медициналық ақпарат пен ғылыми деректерді сыни тұрғыда бағалау және қолдану;
3. Кәсіпқойлық:
- адамгершілігі мол дәрігерге тән ерекшеліктерге негізделген гуманизмнің, рақымдылықтың, адалдықтың және басқаларға деген құрметтің үлгісін көрсету (гуманизм);
- Пациенттер, қоғам және мамандық алдындағы борышы мен жауапкершілігін көрсету (Кәсіпқойлық);
- Этикалық мінез-құлықтың жоғары стандарттарына қол жеткізу, бұл тиісті кәсіптік шекараларды сақтауға мүмкіндік береді (Кәсіптік мінез-құлық);
- Тиісті түрде медициналық көмекке жүгіну үшін өз білімін, дағдылары мен эмоциялық шектеулерін өз бетінше талдауды жүзеге асыру қабілетін дамыту;
- Сенімділікті көрсету, адамның пациенттерге күтімді жауапкершілікпен жасауы, бұл әріптестерге өздерін қорғалған адам ретінде сезінуге мүмкіндік береді;
- Тұрақсыздықты клиникалық медицинаның бөлігі ретінде тану және тұрақсыздықпен күресте тиісті ресурстарды пайдалану.
4. Практикалық оқыту және жетілдіру:
- Білім мен тәжірибедегі күшті жақтарды, кемшіліктер мен шектеулерді анықтау;
- Жеке және кәсіптік дамудың бағыттары үшін тиісті оқу іс-шараларын белгілеу және өткізу ;
- Практиканы жақсарту мақсатында сапаны жақсарту әдістерін пайдалана отырып, практиканы жүйелі түрде талдау;
- Күнделікті практикаға формативтік бағалауды/кері байланысты енгізу.
5. Жүйелі практика:
- Клиникалық мамандыққа жататын денсаулық сақтау жүйесінде пациенттерге күтім көрсетуді үйлестіру;
- Пациенттерге сапалы күтім көрсетуді және күтім көрсетудің оңтайлы жүйелерін насихаттау;
- Пациенттердің қауіпсіздігін арттыру және пациенттерді емдеу сапасын жақсарту үшін кәсібиаралық және көп бейінді командаларда жұмыс істеу.
6. Тұлғааралық және коммуникациялық дағдылар:
- пациенттермен және отбасыларымен өзара тиімді әрекеттесу;
- Эмоцияларды және эмоцияларға адамның реакциясын сезіну және түсіну мүмкіндігін көрсету, бұл өзара қарым-қатынастарды дұрыс дамытуға және оларды басқаруға мүмкіндік береді.
Клиникалық ротация орындары
- UMC, Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы
- UMC, Ұлттық балаларды оңалту орталығы
- UMC, Республикалық диагностикалық орталығы
- №2 Қалалық балалар ауруханасы
- №2 Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы
- Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы
Бағдарламаның құрылымы
PL - 1-жыл
Интернатураның бірінші жылында (бірінші курс резиденттері) «UMC» емдеуші дәрігерлері және/немесе НУММ оқытушы-профессорлар құрамының басшылығымен бірнеше стационарлық бөлімшелерде асқынған және созылмалы аурулары бар пациенттермен клиникалық тәжірибе алуға ерекше назар аударылады.
Резиденттер стационарлық бөлімшелерде 8 апталық ротациялардан өтетін болады (жалпы, сондай-ақ мамандандырылған педиатриялық бригадаларда):
- Жалпы педиатрия (Соматикалық бөлім, АБҰҒО)
- Балалар ревматологиясы (АБҰҒО)
- Жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация және қарқынды терапия бөлімі (ЖНРҚТБ, АБҰҒО)
- Балаларға арналған қарқынды терапия бөлімі (БҚТБ, АБҰҒО)
- Балалар гематологиясы (АБҰҒО)
- Балалар неврологиясы, әрекет қабілеттілігін шектеу және оңалту (РБОО)
PL - 2-жыл
Оқытудың екінші жылы қосымша клиникалық дағдыларды меңгеруге, дербестікті дамытуға және басшылық пен басқарудағы қосымша тәжірибені жинақтауға арналатын болады.
Клиникалық тәжірибені стационарлық бөлімдерде, жалпы, сондай-ақ мамандандырылған педиатриялық бригадаларда дамытатын болады.
Резиденттер өздерінің клиникалық дағдыларын стационарлық бөлімдерде (жалпы, сондай-ақ мамандандырылған педиатриялық бригадаларда) 8 апталық ротациялардан өту арқылы дамытатын болады:
- Балалар неврологиясы (АБҰҒО)
- Неонатология босану бөлімі (АБҰҒО)
- Балалардың жұқпалы аурулары («UMC» қосымша орталығы келісім бойынша)
- Балаларға арналған жедел жәрдем ((«UMC» қосымша орталығы келісім бойынша)
- Балалар кардиологиясы (Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, расталуы тиіс)
- Балалар онкологиясы (АБҰҒО)
Резиденттер сонымен қатар, ұзақ мерзімді клиникалық тәжірибесін жинақтайды, өзінің жеке кестесіне сәйкес белгіленген.
PL-3-жыл
3-ші жыл бағдарлама директоры мен Бағдарламаны бағалау комитетімен бекітілген, факультативті ротацияларды қамтиды, бұл сіздің жеке клиникалық дайындығынызды қалыптастыруға, және клиникалық немесе ғылыми қызығушылық салаларына назар аударуға мүмкіндік береді. Резиденттерге белгілі бір мамандық бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге, болашақ мамандығына дайындалуына, және ақыр соңында аспирантура бағдарламасына түсуіне қосымша факультатвиті сабақтарға уақыт беріледі. Соңында, ауылдарда немесе қалалық типтегі елді мекендерде жергілікті денсаулық сақтау саласындағы қызметтерге ротация жасауға мүмкіндік берілуі мүмкін.