Назарбаев университетінің Медицина мектебі (NUSOM) биомедицина және денсаулық сақтау саласында кешенді зерттеу бағдарламасын әзірлейді, ол инновациялық және бірегей базалық ғылыми, трансляцияланатын және клиникалық зерттеу бағдарламаларының көмегімен жаһандық мәселелерді шешеді. NUSOM биомедициналық зерттеулер саласында өңірлік (Орталық Азияда) және халықаралық көшбасшы ретінде танылуға ұмтылады. Біз NUSOM-ның үш негіз қалаушы кәсіби бөлімшелерге сай келетін, оқытушылар құрамы қызметінің негізгі бағыттарын анықтадық: биомедициналық ғылымдар, медицина және хирургия. NUSOM бастапқы міндеті жаңадан құрылған Медицина мектебінде зерттеу әлеуетін құру болып табылады.
NUSOM зерттеу басымдықтары NUSOM зерттеу стратегиясын толықтыратын, Жаратылыстану ғылымдары орталығымен (Center for Life Sciences NU) тығыз ынтымақтасады. Бұдан басқа, клиникалық практикаға зерттеу нәтижелерін енгізу үшін Ұлттық медициналық холдинг ауруханаларында жұмыс істейтін клиницистермен өзара іс-қимыл NUSOM зерттеу тұжырымдамасының негізгі элементі болып табылады.
NUSOM өзінің биомедициналық зерттеулер саласындағы көшбасшы болып табылатын, қауымдастықпен өз жетістіктерімен бөліскісі келетін, MD немесе PhD дәрежесі бар талантты, креативті оқытушылар мен зерттеушілерді тартуға мүдделі. NUSOM тәжірибесі мен біліміне сәйкес бәсекелестік ақы мен жеңілдіктерді ұсынады (бос жұмыс орнын іздеу үшін сілтеме бойынша өтіңіз).