Өтініш беру мерзімі: 14 ақпан 2022 ж. - 6 маусым 2022 ж.
Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу
Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
- Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
- IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі;
- медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
- негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
- 2 (екі) құпия ұсыным хат.
Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
- ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
- егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
Резидентура бағдарламасына арналған құжаттар пакеті
- Толтырылған өтінімнің нысаны;
- Жеке куәлік немесе паспорт;
- Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
- Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
- Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты (егер қолданылса);
- Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
- Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
- Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
- Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);
- Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
- Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.
Қабылдау комиссиясы шартты түрде қабылдау үшін үміткерлердің екі санатын қарастыратын болады:
1) UMC қабылдау комиссиясының резидентура бағдарламалары бойынша қабылдауға ұсынылған үміткерлер, бірақ мұндай үміткерлерді қабылдау туралы түпкілікті шешімді қабылдау комиссиясы қабылдайды; және
2) шартсыз түрде қабылдауға сай келетін, бірақ медицина негіздері бойынша халықаралық емтихан (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе еңсерілмейтін күш жағдайларына немесе атап көрсеткен мүмкін еместігін дәлелдейтін басқа да себептерге байланысты USMLE Step 1 емтиханының нәтижелерімен есеп бере алмайтын үміткерлер. Бұл жағдайда Қабылдау комиссиясы жоғарыда көрсетілген тесттерді тапсырусыз үміткердің құжаттарын қарауға қабылдауға құқылы. Осы мақсатта Қабылдау комиссиясы іріктеу процесінің тиімді әдіснамасын және бағалау критерийлерін әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ мұндай үміткерлерді шартты негізде қарайды. Үміткерлер шартты түрде қабылдауға ұсынылған жағдайда, олар медицина негіздері (іргелі ғылымдар) (BSE) бойынша халықаралық емтихан нәтижелері бар есеп немесе қабылданған сәттен бастап бірінші күнтізбелік жыл ішінде USMLE Step 1 ұсынуы тиіс.
UMC резидентура бағдарламалары бойынша Қабылдау комиссиясы шартты түрде қабылдау жөніндегі бағдарламаға ұсынған үміткерлердің:
- Дүниежүзілік медициналық мектептердің анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған MD дәрежесі немесе баламалы жоғары медициналық дәрежесі (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде тәжірибемен айналысу үшін тіркеу немесе сертификаттау құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінім беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылындағы студенттер ресми ағымдағы транскриптерін ұсына алады. Үміткер Университеттің білім беру бағдарламасын бітіргені және белгіленген күні қорытынды транскрипт және/немесе дипломды ресми түрде беруді күтетіні туралы растауы негізінде қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда қабылдау туралы шешімде үміткер Университетке қажетті құжаттарды ұсынатын кезеңі көрсетіледі;
- негіздеме-хатта көрсетілген бағдарламаға уәждемесі мен мүдделіліктің жоғары деңгейі;
- құпия 2 (екі) ұсыным хаты болуы тиіс;
- UMC-ден ұсыным хат.
UMC резидентура бағдарламалары бойынша Қабылдау комиссиясы ұсынған және оқудың бірінші жылы ішінде шартты түрде қабылдау бойынша қабылданған үміткерлерге мынадай шарттар қолданылады:
1) медицина негіздері бойынша халықаралық емтихан (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE Step 1 емтиханының нәтижелерімен есеп беру; және/немесе
2) ағылшын тілін меңгерудің қажетті деңгейі.
- IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі.
Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
- ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
- егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
Резидентура бағдарламасына арналған құжаттар пакеті
- Толтырылған өтінімнің нысаны;
- Жеке куәлік немесе паспорт;
- UMC-ден ұсыным хат;
- Атын/тегін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
- Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
- Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
- Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
- Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
- Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
- Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.
Резидентура бағдарламасына түсуге конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсынатын үміткерлердің:
- Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркеу немесе сертфикаттау құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс.
- IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі.
- IFOM (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп.
- Негіздеме хат.
- 2 (екі) құпия ұсыным хат.
Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
- ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
- егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
Резидентура бағдарламасына арналған құжаттар пакеті
- Өтінімнің толтырылған нысаны;
- Жеке куәлік немесе паспорт;
- Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
- Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
- Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты (егер қолданылса);
- IFOM Basic Science немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
- Оқу немесе клиникалық мекемелер, соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекемеге артықшылық (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
- Негіздеме хат (500 сөзден көп емес);
- Медициналық анықтама 086у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
- Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
- Үміткердің/Студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.