Магистратура бағдарламалары

Programs-image

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура

Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады.

Programs-image

Молекулалық медицина саласындағы магистратура

Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады.

Programs-image

Фармакология және токсикология саласындағы магистратура

Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады.

Programs-image

Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура

Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады.

2023-2024 бағдарламасы бойынша оқыту конкурсына қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер:

  • Магистратураға jнлайн өтінім беру соңғы мерзімдері:

Халықаралық үміткерлер үшін 2023 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 18 сәуірді қоса алғанда.

 

  • IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

Халықаралық үміткерлер үшін – 2023 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 2023 жылғы 18 сәуірді қоса алғанда.

 

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, талапкерге арналған сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Талаптар

Молекулалық медицина саласындағы магистратура, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура,  фармакология және токсикология саласындағы магистратура және спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына оқуға түсетін үміткерлерде:

  • Тиісті саладағы бакалавр (немесе баламасы) және/немесе магистр дәрежесінің (немесе баламасы) болуы тиіс. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен  дипломды ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • Үміткерлер өздері оқыған университеттен олардың мекемеде оқуын бітіргені және түпкілікті транскриптті және/немесе дипломды ресми табыс ету белгіленген күнге жоспарланғаны туралы растауын алғанда ғана шартты түрде оқуға қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда оқуға қабылдау туралы шешімде үміткер қажетті құжаттарды Университетке ұсынатын уақыт кезеңі көрсетілуі тиіс;
  • ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.75 немесе үміткердің дәрежесінің баламасы болуы;
  • ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі;
  • жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (опциялық). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап  емес екендігіне қарамастан, үміткер  GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі;
  • екі құпия ұсыным хат;
  • тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады.
Ағылшын тілі бойынша ең төменгі талаптар

Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:

1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6,5 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі;

2) Назарбаев Университетінің бағдарламасына дайындық жылына оқуға түсу үшін ағылшын тілін білудің IELTS тестісі бойынша нәтижелерге қойылатын ең төменгі талап 5,5 балды құрайды, бір бөлім бойынша 5.0 нәтижесімен немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі;

3) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
  • егер үміткер Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
Регистрация кезеңдері

Бағдарламаға түсетін үміткерлер:

1) Университеттің ішкі құжаттарында белгіленген тіркеу жарнасын алдын ала төлеп, Университеттің ресми сайтындағы жеке кабинетте орналастырылған өтінім  нысанын толтырулары;

2) Қажетті құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелерін өтінімді берудің ең соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетке орналастырулары тиіс.

Құжаттар тізімі бойынша чек-парақ
Магистратура бағдарламаларына оқуға қабылдауға арналған  құжаттар тізім бойынша чек-парақ:
  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL (Home edition-ды қоспағанда) сертификаты (егер қолданылса);
  • Оқыту тілі ретіндегі ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат. (ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама бойынша білім беру негізінде академиялы дәреже берілген үміткерлер үшін ғана және IELTS немесе TOEFL (Home edition-ды қоспағанда) сертификатын ұсынудан босату сұратылады);
  • Құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар GRE/GMAT нәтижелері (опциямен);
  • Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным хат беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  • Негіздеме хат (500 сөз немесе одан аз);
  • Медициналық анықтама 075у (Қазақстан азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/Студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі;
Қажет болған жағдайда Қабылдау комиссиясы немесе Қабылдау департаменті қосымша құжаттарды сұрай алады.

2021 © School of Medicine