NUSOM докторантура бағдарламаларына 2023 – 2024 академиялық жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың басталғанын қуана хабарлайды
Құрметті талапкерлер мен ата-аналар,
Назарбаев Университеті Медицина Мектебінің (NUSOM) докторантура бағдарламаларына 2023 – 2024 академиялық жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың басталғанын қуана хабарлайды.
NUSOM келесі бағдарламаларды ұсынады:
- Биомедицина ғылымдары саласындағы докторантура
- Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторантура
Онлайн өтінім берудің соңғы мерзімдері:
- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 18 сәуірді қоса алғанда;
- Шетелдік үміткерлер үшін 2023 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет:
- admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
- Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды). Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
- «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.
- Жеке кабинеттегі нұсқауларға сәйкес электронды IELTS/TOEFL нәтижелерін тікелей Тест әкімшісінен және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттегі («Upload IELTS/TOEFL results» бөліміндегі) функционал арқылы ұсыну.
- IELTS (IELTS Online тестінен басқа) тапсыру үшін код: Nazarbayev University
- TOEFL IBT (TOEFL Home Edition тестінен басқа) тапсыру үшін код: 6762
Келесі қадамдар:
Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, admissions.old-nusom@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Cәттілік тілейміз!