Назарбаев Университетінің Медицина жөніндегі вице-президенті – Деканы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрімен кездесті
![old-nusom](https://old-nusom.nu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/04/NUSOM_25.04.2022-1-1024x1024.png)
2022 жылдың 21 сәуірінде Назарбаев Университетінің Медицина жөніндегі вице-президенті – Медицина мектебінің Деканы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев мырзамен кездесті.
Д-р Массимо Пиньятелли және Д-р Дитер Ритмахер, Медицина мектебінің ғылыми жұмыстар және аспирантура жөніндегі деканның орынбасары, Ерғалиев мырзамен NU Медицина мектебінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін еліміздегі басқа ЖОО-на тарату саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы пікірлесті.
Кездесу барысында Ерғалиев Қ.А. ғылыми-зерттеу зертханасына, сандық анатомия зертханасына және симуляциялық орталыққа кіріп шықты.