Жаңалықтар

Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің қауымдастырылған профессоры Антанас Гулбинас 2019 жылы Литваның ғылым саласындағы сыйлығының лауреаты атағына ие болды

New photo – finish

Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің қауымдастырылған профессоры Антанас Гулбинас 2019 жылы Литваның ғылым саласындағы сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Литваның Ғылым академиясының комиссиясы биомедицина саласындағы сыйлықты Антанас Гүлбинасқа, доктор Хабилге, доктор Гедриус Бараускасқа және доктор Жильвинас Дамбраускасқа тағайындады. Литваның ғылым саласындағы сыйлығы жыл сайын Литва үшін үлкен маңызы бар іргелі және қолданбалы зерттеулер мен эксперименттік (әлеуметтік, мәдени) әзірлемелер үшін беріледі. Бұл Литвадағы ең беделді ғылым саласындағы сыйлық, ол соңғы 15 жылда жүргізілетін зерттеулер үшін әр түрлі салаларда қызмет еткен жеті лауреатқа ғана берілді. Биомедицина саласындағы сыйлық доктор Гулбинасқа және оның әріптестеріне «Ұйқы безінің қабынуы мен ісік ауруларының молекулярлық механизмдерін зерттеу. Диагностика және емдеу әдістерін оңтайландыру» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін тағайындалған болатын. Қарастырылып отырған  2004-2018 жылдар аралығындағы кезең молекулярлық биология, медициналық және хирургиялық ғылым саласындағы зерттеулерге арналған, жасушалық дақылдар саласындағы іргелі зерттеулерді және/немесе клиникалық деректері бар экспериментальды модельдерді (тіршілік қабілеттілігін сақтау, аурудың асқыну, медициналық араласу қажеттілігі, емдеу нәтижелері және т.б.) біріктіруге арналған. Олардың зерттеулері асқынған және созылмалы панкреатит пен ұйқы безінің қатерлі ісігі бар пациенттерде аурудың даму механизмдері, емдеу диагностикасы мен болжамдары, скрининг үшін жақсартылған және кеңейтілген клиникалық хаттамалары, қатерді бағалау, емдеу және операциядан кейінгі күтім жасау туралы іргелі жаңалық болып табылады. Бұл жұмыстың маңыздылығы сондай-ақ оның халықаралық танылуымен ерекшеленеді: зерттеулердің нәтижелері бірнеше рет халықаралық конгресстерде  ұсынылып, халықаралық журналдарда (50-ден астам мақалалар) жарияланған болатын. Олар басқа жарияланымдарда, әдебиеттерге жүйелі шолуларда және емдеу бойынша халықаралық ұсынымдарда кеңінен дәйексөз ретінде келтіріледі.

Доктор Гульбинас НУММ-де 2019 жылдың басынан бастап жұмыс істейді. Ол жалпы хирургия жөніндегі резидентура бағдарламасының директоры және НУММ Зерттеу комитетінің мүшесі болып табылады. Сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!