Назарбаев Университетінің Медицина мектебі «Биомедицина саласындағы зерттеулер» Ашық есік күнін өткізді
2022 жылдың 26 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Назарбаев Университеті Медицина мектебі «Биомедицина саласындағы зерттеулер» Ашық есік күнін өткізді.
«Биомедицина саласындағы зерттеулер» Ашық есік күнінің мақсаты – биомедициналық және клиникалық зерттеулердегі серіктестік пен өзара әрекеттесуді ынталандыру болды.
НУ Медицина мектебінің профессорлары Қазақстанның барлық медициналық университеттеріндегі әріптестерімен өздерінің ғылыми жобаларын ұсынуға және озық тәжірибелерімен бөлісуге қуанышты болды. Сонымен қатар, НУ профессорлары мен қатысушылар арасында кең тәжірибелік зерттеулер бойынша дискуссиялық сессиялар өткізілді, мысалы:
- Халық денсаулығы
- Жұқпалы аурулар
- Клиникалық зерттеулер және клиникалық сынақтар
- Қатерлі ісік биологиясы
- Қабыну және иммунитет
Қосымша ақпарат алу үшін old-nusom@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.