Дүниежүзілік Отбасы Дәрігерлер Күні
![20190518-IMG_0450](https://old-nusom.nu.edu.kz/wp-content/uploads/2019/05/20190518-IMG_0450-1024x718.jpg)
2019 жылы 18 мамырда Назарбаев Университеті Медицина мектебі №9 қалалық емханада Дүниежүзілік Отбасы Дәрігерлік Күніне арналған іс-шара өткізді!
![](https://old-nusom.nu.edu.kz/wp-content/uploads/2019/05/22.jpg)
![](https://old-nusom.nu.edu.kz/wp-content/uploads/2019/05/33.jpg)
![](https://old-nusom.nu.edu.kz/wp-content/uploads/2019/05/44.jpg)
2010 жылы WONCA бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытуда отбасылық дәрігерлердің рөлі мен үлесін атап өту үшін Дүниежүзілік Отбасылық Дәрігерлер күнін жариялады.
Бұл оқиға барлық науқастарға дербес, жан-жақты және тұрақты медициналық көмек көрсетуде отбасылық дәрігерлердің орталық рөлін танудың тамаша мүмкіндігі болды.
«Медицина докторы» бағдарламасының студенттері Қазақстандағы бар скринингтік бағдарламалар туралы ақпаратты ұсынды және жүрек-тамыр аурулары мен қант диабетінің жедел диагностикасын жүргізді. Бұл күні елуден астам науқас тексерілді.
Бұл күн біздің қоғамда отбасылық дәрігерлердің рөлін атап өтудің керемет мүмкіндігі болды !!!!!