Жаңалықтар

Д-р Вангелистаны «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке арналған ғылым» НАТО бағдарламасы грантымен құттықтаймыз!

nb8
Жақында доктор Вангелиста Солтүстік Атлантикалық Одақтың (НАТО) «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке арналған ғылым» бағдарламасының беделді көпжылдық грантына ие болды. «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке арналған ғылым» бағдарламасының гранты есебінен қаржыландырылатын жоба үш елдің ынтымақтастығында әзірленетін болады: Италия( НАТО елі), Албания (НАТО елі) және Қазақстан (НАТО серіктес елі), ал доктор Вангелиста Қазақстан тарапының басшысы болып табылады. Жоба опто-талшықты негізде «Пайда болатын биологиялық қауіп-қатерлерді ерте анықтау мен дисгностикалауға» арналған портативті құрылғыны көздейді де, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде доктор Даниэле Тосимен және оның Назарбаев Университетінің Инженерия мектебінің тобымен және National Laboratory Astana тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылатын болады.

«Бейбітшілік пен қауіпсіздікке арналған ғылым» бағдарламасы ғылыми зерттеулер, технологиялық инновациялар және білім алмасу негізінде НАТО-ға мүше мемлекеттер мен серіңктес елдер арасындағы диалогқа және тәжірибелік ынтымақтастыққа жәрдемдеседі. «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке арналған ғылым» бағдарламасы НАТО-ның стратегиялық мақсаттарына жауап беретін, қауіпсіздік саласындағы арнайы әзірленген іс-шараларды қаржыландыруды, сараптамалық кеңес беруді және қолдауды қамтамасыз етеді.

«Бейбітшілік пен қауіпсіздікке арналған ғылым» бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі «Қауіпсіздік бойынша туындайтын мәселелерді шешу жөніндегі халықаралық күш-жігерді қоса алғанда, ортақ мүддені білдіретін мәселелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастыққа жәрдемдесуге» бағытталған.

Осы басым бағыт шеңберінде «ядролық ыдырау (CBRN) заттарынан және химиялық, биологиялық, радиологиялық заттардан және заттардан қорғау» маңызды сала болып табылады.

Химиялық, биологиялық, радиологиялық заттар мен ядролық ыдырау заттары (CBRN) саласы мынадай кіші саланы көздеуі мүмкін:

  1. Ядролық ыдырау заттары (CBRN) мен химиялық, биологиялық, радиологиялық заттары мен заттарын қорғау, әсерді диагностикалау, табу, залалсыздандыру, жою, кәдеге жарату және оқшаулау саласындағы әдістер мен технологиялар.
  2. Тәуекелдерді басқару және қалпына келтіру саласындағы стратегиялар мен технологиялар.
  3. Химиялық, биологиялық, радиологиялық заттар мен ядролық ыдырау заттарына (CBRN) қарсы медициналық контршаралар.

Осылайша, осы нақты негізгі басым сала шеңберінде доктор Вангелистаның жобалау желісі поксирустар негізінде (мысалы, шешек, А санатындағы биологиялық қару заты) биологиялық қаруды қолдана отырып, шабуылды ерте анықтау үшін портативті құрылғыны әзірлеумен айналысады. Бұл құрылғы сәтті әзірленгеннен кейін, ол тікелей (анықтау және диагностика) 1 кіші салада, (тәуекелдерді басқару және қалпына келтіру) тез белсендірумен 2 кіші салада және  (медициналық контршаралар) 3 кіші салада жұмыс істеуі керек.