Жаңалықтар

Доктор Абдужаппар Гаиповтың «Pharmacology Research and Perspectives» журналындағы басылымы

02719D18-6508-4597-AFAD-7F2F9C54CF23

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі доктор Абдужаппар Гаиповты үлкен деректердің клиникалық эпидемиология жобасының табысты басталуымен және жарияланымдарының басталуымен құттықтайды. Доктор Абдужаппар Гаипов Қазақстанда сертификатталған нефролог және Назарбаев университетінің медицина мектебінде 2019 жылдың қаңтарынан бастап  ассистент-профессор ретінде жұмыс істейді. Ол Теннесси Университеті жанындағы ғылыми денсаулық орталығында (2017-2018 ж, АҚШ, Теннесси Штаты, Мемфис) постдок болып жұмыс істеді және созылмалы бүйрек ауруларының эпидемиологиясымен және зерттеу әдістемесімен байланысты бірнеше жобаларды зерделеді. Қазіргі уақытта ол «Халықтың денсаулығын зерттеу және эпидқадағалау үшін Қазақстандағы денсаулық сақтаудың ірі ауқымды әкімшілік деректерін біріктіру және пайдалану» атты жалпыұлттық эпидемиологиялық жобаның жетекші зерттеушісі және аралас тақырыптарға жариялымдар шығара бастады. Бұл ғылыми-зерттеу жобасы қазіргі заманғы эпидемиологиялық талдау тәсілдерін және «үлкен медициналық деректер» жазбаларындағы озық биостатистикалық бағалауды пайдалана отырып,созылмалы жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі зерттеу орталықты құруға бағытталған.

Осы жоба аясында д-р Гаипов бірлескен авторлармен (д-р Алпамыс Исанов және Мохамад Аалджофан) жақында Британдық фармакологиялық қоғамның ресми (Q1) журналдарының бірі болып табылатын «Pharmacology Research and Perspectives» журналында «Бианалогиялық эритропоэтин-ынталандырушы агенттердің тиімділігі мен дозасының баламалылығы: нақты клиникалық практикадан алынған деректер» атты айрықша мақала жариялады. Бұл электрондық медициналық карталарды пайдалана отырып, нақты клиникалық шарттардан бүйрек анемиясы бар пациенттерге бірегей рекомбинантты эритропоэтин-ынталандырушы агенттерден (rESA) биоаналогиялық bESA-ға ауысудың әсерін бағалауға бағытталған Қазақстандағы алғашқы зерттеу. Алынған деректерді талдау гемоглобиннің мақсатты деңгейлерін қолдау және rESA мен bESA арасындағы дозалардың баламалылығы бойынша, сондай-ақ гемоглобинді мақсатты деңгейлер шегінде ұстап тұруда bESA неғұрлым төмен дозаларын ұзақ қолданғанда айырмашылықтардың жоқтығын көрсетті.

«Қазақстандағы диализдік пациенттердің эпидемиологиясы: 2014-2018 жылдардағы ұлттық тіркелім деректері» атты жалпыұлттық үлкен медициналық деректердің тағы бір зерттеуі ұлттық және халықаралық конгрестерде ұсынылды және қазіргі уақытта «BMC Nehrology»журналында жариялау үшін қарастырылуда. Бұл сондай-ақ Орталық Азия елдері арасында денсаулық сақтаудың цифрлық жүйесін енгізгеннен кейін Қазақстанда жақында қолжетімді болған ірі ауқымды әкімшілік медициналық деректерді пайдалана отырып, диализдік пациенттердің клиникалық эпидемиологиясын зерттейтін алғашқы зерттеу. Алынған нәтижелер аурудың таралуы мен жиілігінің айтарлықтай ұлғайғанын, сондай-ақ соңғы 5 жылда диализдегі пациенттер өлімінің төмендегенін көрсетті.

Алдағы жылдары үлкен медициналық деректерді пайдалана отырып, көптеген созылмалы жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды зерттеуге арналған бірнеше зерттеулер жүргізілетін болады. Ағымдағы жоба шеңберінде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері Қазақстанда аурудың таралу деңгейін, пайда болу жиілігі мен өлім-жітімді жақсы және неғұрлым толық түсінуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ дұрыс шаралар мен алдын алу іс-қимылдарын ұйымдастыру үшін директивтік органдарға пайдалы болады. Бұл жобаға бірнеше жас ғалымдар, MD және MPH студенттері қатысып, онда бірнеше зерттеулер бойынша жұмыс істей отырып, негізгі және озық биомедициналық статистика бойынша білім мен дағдыларды алуға болады.