Жаңалықтар

«Біз Сізбен қашан да біргеміз!» Назарбаев Университетінің Президенті Елбасына хат жолдады

president-1024×366

Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Назарбаев Университеті және  «Júsan» компаниялар тобы атынан хат жолдады. Өз сөзінде Шигео Катсу Елбасына үнемі қолдау көрсеткені үшін Назарбаев Университетінің студенттері, оқытушылары, бүкіл қауымдастығы атынан алғысын білдірді және «Júsan» компаниялар тобымен бірлесіп, шын көңілден зор денсаулық, қажымас күш-қуат, ұзақ ғұмыр тіледі.

Хатта: «Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайда басталған, жергілікті денсаулық сақтау мәселесі болып көрінген COVID-19 індеті бірнеше апта мен айдың ішінде апатты ауқымдағы жаһандық індетке айналып, қоғамдағы және елдер арасындағы өзара іс-қимыл сипатын дереу өзгертті. Өте жұқпалы COVID-19 физикалық әлеуметтік қатынастарды тоқтатуға және олар осалдана бастаған кезде адамдардың оқшаулануына әкелді. Пандемия әлеуметтік жаратылыс ретіндегі адамдардың табиғатын бұзады және адамзаттың негізіне зиянын тигізеді», – деп жазылды.

Өзінің хатын Шигео Катсу: «Біз Сізбен  қашан да біргеміз!» деген сөздермен қорытындылады.