2023-2024 академиялық оқу жылына НУ Медицина мектебінің бакалавриат бағдарламасына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау басталды!
Құрметті талапкерлер,
2022 жылдың 24 қазанынан бастап НУ Медицина мектебінің бакалавриат бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау басталады.
Назарбаев Университетінің Медицина мектебі келесі бакалавриат бағдарламаларын ұсынады:
- Медицина ғылымдары саласының бакалавры – 4 жыл
- Мейірбике ісі саласындағы ғылым бакалавры – 4 жыл
- Мейірбике ісі бакалавры – 2 жыл (сертификатталған мейірбикелерге арналған)
Онлайн өтінім беру соңғы мерзімдері:
- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 17 сәуірді қоса алғанда;
- «NUET талапкерлері» санатындағы талапкерлер үшін 2022 жылғы 29 желтоқсанды қоса алғанда;
- Шетелдік талапкерлер үшін 2023 жылғы 9 наурызды қоса алғанда.
Конкурсқа қатысу үшін талапкер келесі қадамдарды орындауы қажет:
- admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинетті ашу;
- Сауаланама нысанын толтыру;
- Тіркелу жарнасын төлеу (тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды);
Тіркелу жарнасы Жеке кабинеттегі «My Application Forms» бөлімінде банк картасы арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады;
- Жеке кабинеттегі нұсқаулықтарға сәйкес қажетті құжаттарды жүктеу:
- “Submit application” батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу. Бұдан кейін сауалнама нысанына өзгерістер енгізілмейді.
- Жеке кабинеттегі нұсқауларға сәйкес электронды IELTS/TOEFL нәтижелерін тікелей Тест әкімшісінен және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттегі («Upload IELTS/TOEFL results» бөліміндегі) функционал арқылы ұсыну.
IELTS үшін код: Nazarbayev University
TOEFL үшін код: 6762
*Конкурста Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылған IELTS/TOEFL тест нәтижелері қарастырылатынын ескеріңіз.
Онлайн өтінім жіберілгеннен кейін:
Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпараттарды, сіз сауалнама нысанда көрсеткен электронды поштаңыздан таба аласыз, ал өтінішіңіздің статусын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Өтініш беру кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады.
Cәттілік тілейміз!