Жаңалықтар

2023-2024 академиялық оқу жылына магистратура мен медицина докторы бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау басталды!

NUSOM_Masters

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар,

Назарбаев Университеті Медицина Мектебінің (NUSOM) магистратура мен медицина докторы бағдарламаларына  2023 – 2024 академиялық жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың басталғанын қуана хабарлайды.

NUSOM келесі бағдарламаларды ұсынады:

  • Медицина докторы
  • Молекулалық медицина саласындағы магистратура
  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура
  • Фармакология және токсикология саласындағы магистратура
  • Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура

Онлайн өтінім берудің соңғы мерзімдері:

  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 18 сәуірді қоса алғанда;
  • Шетелдік үміткерлер үшін 2023 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет: 

  1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу; 
  2. Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
  3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды). Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
  4. «Submit application»  батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.
  5. Жеке кабинеттегі нұсқауларға сәйкес электронды IELTS/TOEFL нәтижелерін тікелей Тест әкімшісінен және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттегі («Upload IELTS/TOEFL results» бөліміндегі) функционал арқылы ұсыну. 
  • IELTS (IELTS Online тестінен басқа) тапсыру үшін код: Nazarbayev University
  • TOEFL IBT (TOEFL Home Edition тестінен басқа) тапсыру үшін код: 6762

Келесі қадамдар: 

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, admissions.old-nusom@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Cәттілік тілейміз!