Мейірбике ісі бағдарламалары

Мейірбикелік іс саласындағы ғылым бакалавры (МІБ)

2022-2023 бағдарламасы бойынша оқыту конкурсына қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер

Онлайн тіркелу мерзімдері:

Жергілікті талапкерлерге – 2021 жылғы 11 қазан – 2022 жылғы 18 сәуір

NUET санатының талапкерлер үшін – 2021 жылғы 11 қазан – 2022 жылғы  6 қантар

Шетелдік талапкерлерге – 2021 жылғы 11 қазан – 2022 жылғы 28 наурыз

 

Қабылдау талаптары

ОРТА МЕКТЕПТЕР, UK FOUNDATION БАҒДАРЛАМАСЫ, КОЛЛЕДЖДІҢ ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ОҚУШЫЛАРЫ, СОНДАЙ-АҚ, A-LEVEL БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ

Орта мектептердің, UK Foundation бағдарламасының, колледждің түлектері мен оқушылары, сондай-ақ, A-level бағдарламасының түлектері үшін қойылатын ең төменгі талаптар

IELTS немесе TOEFL үшін еңтөменгі талаптар SAT Reasoning Test және ACT үшін ең төменгі талаптар
IELTS – жалпы балл 6.5-тен кем емес (әрбір секция бойынша 6.0-ден кем емес)

немесе TOEFL IBT - 79-93 (TOEFL IBT - 94-101 (Reading – 13-тен кем емес, Listening – 12-ден кем емес, Speaking – 18-ден кем емес, Writing- 21-ден кем емес) немесе TOEFL PBT* - 574-599

 

SAT Reasoning Test – 1240 кем емес. Эссе міндетті болып табылады, төменгі балл белгіленбейді немесе ACT with writing part – жалпы балл (composite score) кем дегенде 27. Бұл ретте жазбаша бөлімге ең төменгі балл белгіленбейді.

 

 

* TOEFL PBT ресми IELTS жәнеTOEFL iBT жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік үміткерлерден ғана қабылданады.

** Медицина мектебінің үміткерлері Қабылдау комиссиясы мүшелерімен сұхбат өтуге шақырылады

НИШ (NIS) ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ОҚУШЫЛАРЫ

NIS Grade 12  Certificate*  иегерлері - түлектері үшін  ең төменгі талаптар

IELTS және TOEFL үшін ең төменгі талаптар NIS Grade 12  Certificate үшін балдар бойынша ең төменгі талаптар
IELTS – жалпы балл 6.5-тен кем емес (әрбір секция бойынша 6.0-ден кем емес) немесе TOEFL IBT - 79-93 (Reading – 13-тен кем емес, Listening – 12-ден кем емес, Speaking – 18-ден кем емес, Writing- 21-ден кем емес) немесе TOEFL PBT** - 574-599 кем дегенде ABB

 

*NIS Grade 12  Certificate иегерлері – түлектері IELTS және SAT нәтижелерімен орта мектеп түлектері ретінде конкурсқа қатыса алады.

** TOEFL PBT ресми IELTS жәнеTOEFL iBT жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік үміткерлерден ғана қабылданады.

*** Медицина мектебінің үміткерлері Қабылдау комиссиясының мүшелерімен өтетін сұхбатқа шақырылады 

IВ DIPLOMA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ОҚУШЫЛАРЫ

IВ Diploma бағдарламасының түлектері мен оқушылары үшін ең төменгі талаптар*

IELTS және TOEFL үшін ең төменгі талаптар IB DP үшін балдар бойынша ең төменгі талаптар
IELTS – жалпы балл 6.5-тен кем емес (әрбір секция бойынша 6.0-ден кем емес) немесе TOEFL IBT - 79-93 (Reading – 13-тен кем емес, Listening – 12-ден кем емес, Speaking – 18-ден кем емес, Writing- 21-ден кем емес) немесе TOEFL PBT** - 574-599

 

жалпы балл 30-дан кем емес және  4, 4, 5 балл ілгері деңгейдегі 3 пән бойынша

 

*IB DP иегерлері – түлектері IELTS және SAT нәтижелерімен орта мектеп түлектері ретінде конкурсқа қатыса алады .

** TOEFL PBT ресми IELTS жәнеTOEFL iBT жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік үміткерлерден ғана қабылданады.

*** Медицина мектебінің үміткерлері Қабылдау комиссиясының мүшелерімен өтетін сұхбатқа шақырылады

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫННЫҢ СТУДЕНТТЕРІ
Жоғары оқу орынның бакалавриат бағдарламасының студенттері үшін ең төменгі талаптар
IELTS немесе TOEFL үшінең төменгі талаптар SAT Reasoning Test және ACT үшін ең төменгі талаптар Оқу үлгерімі
IELTS – жалпы балл 6.5-тен кем емес (әрбір секция бойынша 6.0-ден кем емес) немесе TOEFL IBT - 79-93 (TOEFL IBT - 94-101 (Reading – 13-тен кем емес, Listening – 12-ден кем емес, Speaking – 18-ден кем емес, Writing- 21-ден кем емес) немесе TOEFL PBT** - 574-599   SAT Reasoning Test – 1240-тан кем емес. Эссе міндетті болып табылады, төменгі балл белгіленбейді немесе ACT with writing part – жалпы балл (composite score) кем дегенде 27. Бұл ретте жазбаша бөлімге ең төменгі балл белгіленбейді.   GPA 4.00-ден 3.0
 

*Құжатты ұсыну сәтінде Times Higher Education World University немесе QS World University rankings университеттердің әлемдік академиялық рейтингтерінің ең үздік 200 ЖОО-лар қатарына кіретін, ағылшын тілінде білім беретін шетелдік жоғары оқу орындарында бакалавриат бағдарламасы бойынша оқудың кемінде бір жылын табысты аяқтаған үміткерлер үшін SAT/ACT және IELTS/TOEFL нәтижелері міндетті емес.

** TOEFL PBT ресми IELTS және TOEFL IBT жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік үміткерлерден ғана қабылданады.

*** Медицина мектебінің үміткерлері Қабылдау комиссиясының мүшелерімен өтетін сұхбатқа шақырылады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері үшін ең төменгі талаптар

Cоңғы үш жылда халықаралық пән олимпиадаларының алтын, күміс немесе қола медальдарын, немесе Қазақстан Республикасының ағымдағы жылғы республикалық пән олимпиадаларының алтын, күміс немесе қола медальдарының иегері ретінде өтініш тапсыру үшін келесі талаптар қойылады:

IELTS немесе TOEFL үшін ең төменгі талаптар

IELTS немесе TOEFL (ең төменгі талаптар қойылмаған) + Қабылдау комиссиясының мүшелерімен сұхбат

Халықаралық пән олимпиадаларының тізбесі 

  1. Математика бойынша халықаралық олимпиада (IMO)
  2. Физика бойынша халықаралық олимпиада (IPhO)
  3. Химия бойынша халықаралық олимпиада (IChO)
  4. Биология бойынша халықаралық олимпиада (IBO)
  5. Информатика бойынша халықаралық олимпиада (IOI)
  6. Арнайы мамандандырылған мектептердің математика, физика мен информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
  7. Мектеп оқушыларының химия бойынша Халықаралық Менделеев олимпиадасы

Қазақстан Республикасының республикалық пән олимпиадаларының тізбесі

  1. Математика бойынша республикалық олимпиада
  2. Физика бойынша республикалық олимпиада
  3. Химия бойынша республикалық олимпиада
  4. Биология бойынша республикалық олимпиада
  5. Информатика бойынша республикалық олимпиада
ҮМІТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ

Бакалавриат бағдарламасына конкурсқа қатысу үшін онлайн сауалнаманы толтырып, Жеке кабинетте қажетті құжаттарды тапсыру қажет.

  1. Аппликациялық нысан (сауалнама);
  2. Паспортының немесе жеке куәлігінің немесе 16 жасқа толмаған үміткерлердің тууы туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
  3. Жалпы білім беру мектебін бітіргені туралы қосымшасы бар аттестаттың немесе оның шетелдік баламасының нотариалды расталған көшірмесі.

Орта мектепте соңғы жыл оқитын оқушылар оқу орнынан оқуды аяқтау мерзімі көрсетілген анықтаманы ұсынуы қажет. IB DP және NIS Grade 12 certificatсанаты бойынша құжаттарды тапсырған соңғы жылда оқитын үміткерлер мектеп растаған бағалары бар болжамды нәтижелерін ұсынуы қажет.

  1. Онлайн құжаттарды тапсыру кезінде жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаттың электронды нұсқасы. Қағаз түпнұсқасы кейіннен ұсынылады*.
  2. Ағылшын тілінде жазылған эссе;
  3. Үміткердің дербес деректерін өңдеуге келісімнің қол қойылған нысаны.
  4. Жазбаша бөлімнің нәтижелерімен SAT Reasoning Test немесе жазбаша бөлімнің нәтижелерімен ACT қолданыстағы (құжаттарды онлайн түрде тапсыру кезінде 2 жылдан аспайтын) ресми сертификатының электронды нұсқасы. SAT Reasoning Test* сертификатының түпнұсқасы www.collegeboard.org және ACT*www.act.org сайттары арқылы келесі мекен-жайға тапсырыс берілуі қажет: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев Университет, Қабылдау департаменті.
  5. Медициналық анықтама (086-У нысаны*) флюорография кескінімен* және егу картасының көшірмесі (063-У нысаны*).
  6. Оқу кезіндегі 3 жылдан аспаған сертификаттар, мадақтамалар мен марапаттар, сонымен қатар жеке жетістіктерді растайтын басқа да құжаттар (бар болған жағдайда);
  7. Фотосурет 3х4* – 1 дана.

* Оқуға түскен жағдайда ұсынылады

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗМаңызды қосымша құжаттар:

  1. Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері олимпиада дипломының/сертификаттың нотариалды расталған көшірмесін ұсынуы қажет.
  2. Шетел азаматтары және азаматтағы жоқ тұлғалар мерзімі тұтастай білім алу кезеңіне жарамды медициналық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің көшірмесін тапсырулары қажет
  3. Жоғары оқу орында бакалавриат бағдарламасы бойынша кем дегенде бір жылдық оқуды аяқтаған студенттер келесі құжаттарды ұсынулары қажет:
  • a) Университеттен білім берудің түпнұсқа тілдегі және ағылшын тіліндегі ресми транскрипт.
  • b) Оқытылған курстардың (пәндердің) екі тілдегі сипаттамасы: түпнұсқа тілде және ағылшын тілінде
  • c) Ағылшын тіліндегі екі ұсыным хат.

Ескеріңіз:

  • Құжаттардың түпнұсқасы тек Қабылдау департаментінің сұрауы бойынша ғана тапсырылады.
  • Үміткердің жеке құжаттары пластикалық тезтікпеде (скоросшиватель) ұсынылуы қажет
  • Аппликациялық нысанның (сауалнаманың) әр бетінде төменгі оң жақта үміткердің қолы қойылуы қажет.
  • 3x4 фотосурет аппликациялық нысанның (сауалнаманың) бірінші бетінде жоғарғы оң жағында желіммен жабыстырылуы қажет.
  • Құжаттар тізбедегі көрсетілген ретпен орналасуы қажет.
  • НУ-ға тапсырылған құжаттар қайтарылмайды.
  • Егер үміткер өзі құжаттарды тапсыра алмаса, үміткердің атынан құжаттарды ұсынатын басқа тұлғаға сенімхат рәсімдеу қажет. Ол тұлға сенімхатпен бірге жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы тиіс. Әйтпесе, құжаттар қарастырылмайды.

Назарбаев Университетіне барлық құжаттарды үміткердің өзі, не сенімхат арқылы немесе пошта арқылы келесі мекен-жайға ұсына алады:

Назарбаев Университетінің Қабылдау департаменті

Нұр-Сұлтан қ., 010000

Қабанбай батыр даңғылы, 53

Телефон: +7 (7172) 706555

 

Алматы, Шымкент қаласының және Алматы, Туркістан, Жамбыл, Қызылорда облысының тұрғындары Назарбаев Университетінің Алматы қаласындағы өкілдігіне тапсыра алады:


Қабанбай батыр көшесі, 140/140а үй (Амангелді көшесінің қиылысы), 2-қабат

Телефон: +7 (727) 2725558/ 2725591

2021 © School of Medicine