Медбикелердің кәсіби даму бағдарламасы (PDP)
Питсбург Университетінің Мейірбике Мектебімен және Питтсбург Медициналық Орталығымен (UPMC) ынтымақтастықта кәсіби даму бағдарламасы. Дәлелді халықаралық стандарттарға сәйкес клиникалық дағдыларыңызды және негізгі ғылыми білімдеріңізді жақсартуыңызға арналған. Егер жақсы жетістіктермен аяқтасаңыз, сізге куәлік беріледі және сіз екі жылдық Мейірбикелік іс саласындағы бакалавриат бағдарламасына түсуге мүмкіндігіңіз болады.
Талаптанушыларға қойылатын талаптар
- Үш жылдық Мейірбикелік іс бағдарламасын орташадан жоғары академиялық көрсеткіштермен аяқтау жөніндегі дәлел.
- Екі немесе одан да көп жылдар бойы мейірбике ретінде жұмыс өтілі, жақсы жетістіктерімен.
Қажетті құжаттар:
- Өтініш нысаны. Нысанды мына жерден жүктеп, басып шығарып, оны толтырыңыз, сканерлеңіз және басқа қажетті құжаттармен бірге жіберіңіз.
- Ұсыным хаты (тікелей жетекшінің, бас медбикенің, жұмыс істейтін бөлімнің дәрігерінен)
- Жұмыс орнынан қолдау хат
- Бұл бағдарламаға неліктен қызығушылық танытатыны туралы, осы бағдарлама не беретіндігі және болашақ мансап / білім жоспарлары туралы бір беттік эссе.
Эссе 1 (жаман) 5-ке (жақсы) дейінгі ұпайлармен бағаланады:
– Жазудың анықтығы.
– Келешектегі жоспарлар мен бағдарламаның мақсаттары арасындағы теңгерім.
- Мейірбикелік іс бойынша маман сертификаты
- Диплом қосымшамен
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Құжаттардың көшірмесін old-nusom@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберіңіз.
Маңызды күндер
2020 жылға арналған мейірбикелердің біліктілігін арттыру бағдарламасына өтініш беру мерзімі: 10 ақпан – 9 наурыз.