Оқытушылар мен зерттеу жұмыстары

Dinara Galiyeva_new photo
Галиева Динара
Позициясы:
Нұсқаушы
Офис тел.:

Ғылыми қызығушылық

Өмірбаян
Іріктелген жарияланымдар

Білімі 

2014-2017 жж.
Философия докторы, PhD, Эдинбург Университеті, Медициналық колледж және ветеринарлық медицина, Медициналық мектеп, Эдинбург, Ұлыбритания
2011-2013 жж.
Медицина ғылымдарының магистрі дәрежесі, Астана медицина университеті, Педиатрия кафедрасы, Астана, Қазақстан
2008-2010 жж.
Педиатрия бойынша резидентура, Астана медицина университеті, Педиатрия кафедрасы, Астана, Қазақстан
2007-2008 жж.
Педиатрия бойынша интернатура, Астана медицина университеті, Педиатрия кафедрасы, Астана, Қазақстан
2001-2007 жж.
Дәрігер-педиатр біліктілігін алды, Астана, медицина университеті, Астана, Қазақстан.

Сабақ беру тәжірибесі 

2015-2017 жж.
Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша студент-магистрлерге арналған «Эпидемиологияға кіріспе» курсының нұсқаушысы, Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика институты Ашер, Эдинбург Университеті.
2010-2011 жж.
Оқытушы ассистенті, Астана медицина университеті, Педиатрия кафедрасы, Астана, Қазақстан.

Ғылыми-зерттеу тәжірибесі 

Философия докторы, PhD дәрежесін алуға диссертация тақырыбы: «Жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі факторларының таралуы, балалар жасындағы бүйрек алмастырушы терапиясын бастаған емделушілерде жүрек-қан тамырлары ауруларының өлім-жітімі мен жиілігі; жүйелі шолу және екі бүйрек тізілімдерін талдау».
Медицина ғылымдарының магистрі дәрежесін алуға диссертация тақырыбы: «Алмастырушы бүйрек терапиясын алатын балаларда миокардты ремодельдеу».

Гранттар
1 наурыз 2015 жылғы -31 мамыр 2015 жыл
Еуропалық диализ және трансплантация қауымдастығы (ERA-EDTA) тағылымдама, Амстердам университетінің Медициналық орталығы, Нидерланды
2014-2017 жж.
«Болашақ» бағдарламасы-Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясы, PhD, Эдинбург Университеті, Эдинбург, Ұлыбритания.