Ғылыми қызығушылық
Фэй Фостер медицинамен және қоғамдық денсаулық сақтаумен байланысты психологияны, бихевиористиканы және қоғамтану бойынша сабақ беруге маманданады. НУММ-не келгенге дейін ол Сауд Арабиясындағы Нура Бинт Абдулрахман ханшайым университетінде клиникалық психологияның ассистент профессоры болып жұмыс істеді.
Бұрын ол 5 жыл бойы Суонси (Ұлыбритания) университетінің медициналық мектебінде жұмыс істеп, жоғары оқу орнынан кейінгі медицина оқыту бағдарламасы бойынша сабақ берді. Ол «Қоғамдағы денсаулық» пәні бойынша сабақ берді, адам денсаулығы мен ауруларының мінез-құлықтық және әлеуметтік факторларын, осы факторлар қалай өзгеруі мүмкін және жеке өмірлік тәжірибе дәрігер мен пациенттің арасындағы қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін түсінуге үйретті. Сондай-ақ, Суонси медицина мектебінде ол созылмалы ауруларды басқару саласында магистратура / постдокторлық студенттерге /постдипломдық сертификаты бар түлектерге сабақ берді, созылмалы аурулардың денсаулығының психологиясын, оның зерттеу негіздерін және денсаулықты сақтау, қолдау, аурулардың алдын-алу және емдеуде тиімді қосылулар, сонымен қатар қазіргі денсаулық сақтау жүйесі туралы ақпараттық саясатты қолдау үшін сабақ берді. Атап айтқанда, ол медициналық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы психологияға, денсаулыққа, ауруға және медицинаға кіріспе туралы бакалавриат бағдарламасында (қосымша бағдарлама) сабақ берді.
Оқытушылық тәжірибеммен қатар, онда жоғары білім беру бағдарламасын басқару, сонымен қатар бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу және бағалау тәжірибелері бар. Бұл туралы Ұлыбритания, Олдэм университеттік кампусында оның төрт жылдық ұстаздық лауазымым куәландырады. Осы уақыт ішінде бихевиористика және қоғамтану, психология салаларында үш дәрежелі бағдарламаларды бірлесіп құрдым, сонымен қатар барлық үш бағдарламаны ұзақ мерзімді тексеру және аккредитациялау процесін сәтті аяқтады.
Оның зерттеушілік мансабы қазіргі уақытқа дейін психикалық денсаулықпен, пациенттердің тәжірибесімен және медициналық қызметтерді бағалаумен байланысты болды, мысалы, оның 12 жылдық академиялық мансабы бойы ол көптеген зерттеу қызметтерін атқарды:
Кил университетінің зерттеу орталығының, Денсаулық сақтау саласындағы ҒЗИ, Ұлыбритания, Кил университетінің Уэст-Мидлендс жоспарлы зерттеу қызметі (денсаулық сақтау және зерттеу бөлімшесі) ғылыми қызметкері және сапалы зерттеулер бойынша кеңесшісі болды. Оның міндеттеріне әріптестеріммен, Ұлттық денсаулық сақтау қызметімен (ҰДСҚ) және пациенттерге тікелей медициналық көмек көрсетуге және жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау саясаты мен тәжірибелері туралы ақпараттандыруға бағытталған жоғары сапалы жобаларды іске асыру кірді.
Зерттеу үйлестірушісі; фолий қышқылын жоғары тұтыну – депрессия емін бағалау: рандомизацияланған бақыланатын сынақ (РБС), барлық операциялық міндеттерді бақылай отырып және оның барлық мерзімі бойы сынақты қадағалап, Суонси зерттеу объектісі бойынша арнайы уәкілетті тұлға ретінде әрекет етті.
Уэльстегі психикалық денсаулық бойынша зерттеу желісінің ғылыми қызметкері болды. Бұл желі психикалық денсаулық саласымен байланысты клиникалық сынақтар мен басқа да зерттеулер жүргізеді. Оның басты міндеттеріне оның дамуына қарай саясат пен тәжірибені ақпараттандыратын, ірі ауқымды зерттеу жобаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу кірді.
Медициналық зерттеулер кеңесі (МЗК) қаржыландыратын екі жоба бойынша аға ғылыми қызметкер болды. Біріншісі: «Қоғамның өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуға қатысуы: қоғамның психологиялық күйзеліске ден қою шараларын түсіну және нығайту» (PUBLIS) және екінші жоба: «Ауыр психикалық аурулар кезінде салауатты өмір салтын жүргізу үшін кедергілер мен мүмкіндіктерді бағалау» (BLIS). Ол Суонсидегі екі жобаны басқару мен логистика үшін жауап берді, оларды басқа жобалармен үйлестірді.
Оның зерттеу тәжірибесі мен рецензияланатын журналдардағы жарияланған тарихымен бірге, сондай-ақ қаржыландыруда және кәсіпкерлік қызмет те де тәжірибесі бар, мысалы, 2010 жылдан бастап жалпы кіріс сомасы £ 115 ‘ 000 (фунт стерлинг) құрады.
Қазіргі уақытта ол Британдық медициналық журналдың (онлайн) рецензенті болып табылады.
Publications (previous surname: Griffith-Noble)
- Beech R., Cook E., Foster F., Teece L., Piggott R., Ralphs A. (2016) Promoting best practice in COPD management. British journal of primary care nursing. Volume 1, Number 6.
- Foster F., Piggott R., Riley L., Beech R. (2016) Working with primary care clinicians and patients to introduce strategies for increasing referrals for pulmonary rehabilitation. Primary Health Care Research & Development, volume 17, issue 03, pp. 226-237.
- Foster F., Piggott R., Riley L., Beech R (2016) Patients with COPD tell their stories about living with the long-term condition: an innovative and powerful way to impact primary health care professional’s attitude and behaviour? Education for Primary Care, Jul;27(4):314-9
- Snooks H., Russell D., Brown C., Nair A., Moore C., Lewis A, Thomas G., al-Sulaiti M., Thomas M, Griffith-Noble F. (2014) Report: How to stop drug users dying from an overdose. A systematic review of interventions to prevent and treat opiate poisonings.Commissioner: Welsh Assembly Government. (Welsh National Monitoring Group into Drug Related Deaths).
- Beech R., Foster F., Piggott R. (2013). The role of targeted training and “patient power” in promoting integrated evidence based care for COPD. International Journal of Integrated Care;13 (5).
- Snooks H., Russell D., Brown C., Nair A., Moore C., Lewis A, Thomas G., al-SulaitiM., Thomas M, Griffith-Noble F. (2011) How can we prevent overdoses and what works? A systematic review of interventions for non-fatal poisonings. Emergency Medicine Journal 2011;28
- Noble, J. Lee, V. & Griffith-Noble, F. (2007). Therapeutic ultrasound: The effects upon cutaneous blood flow in humans. Ultrasound in Medicine & Biology 33(2), 279-285.