Ғылыми қызығушылық
Соңғы жылдары д-р Буланин регенеративті медицинаның бірнеше саласында жұмыс істеді, соның ішінде:
1. Қазіргі уақытта қолданылатын химиотерапиялық препараттарға рак бағаналық жасушаларының сезімталдығын бағалау;
2. Тоқ және тік ішектің бағаналық қатерлі ісік жасушаларындағы гендер экспрессиясының бейінін бағалау;
3. Педиатрияда қолдану үшін жасанды өкпені әзірлеу;
4. Бағаналық жасушалармен сараланған гепатоциттерді трансплантациялау үшін эктопиялық алаң ретінде лимфа түйіндерінің әлеуетін бағалау.
2001 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін молекулалық генетика тар шеңберлі маманданымымен «Биология» мамандығы бойынша бітірді. Көп ұзамай ол Чикагодағы Иллинойс университетіне (UIC) PhD бағдарламасына қабылданды. UIC-те алғашқы екі жыл бойы оқытушының ассистенті ретінде жұмыс істеді, оқу бағдарламасын табысты аяқтау үшін оқуды жалғастыра отырып, ағылшын тілін оқыды.
2003 жылдың аяғында д-р Буланин доктор Тереза Орениктің зертханасында өзінің диссертациялық жобасыа жұмыс жасаған болатын, 2009 жылы диссертациялық жобасын табысты аяқтады. 2010 жылдың наурыз айында д-р Буланин диссертациясын қорғап, Чикагодағы Иллинойс университетін молекулалық биология, онтогенетика және генетика саласында PhD дәрежесімен бітірді. Оның диссертациясы дрозофиланың перифериялық нерв жүйесінің паттернасының қалыптасуын бақылайтын, молекулалық механизмдердің ашылуына арналды. Доктор Буланин өзінің кандидаттық мансабының бойында ассистент болып жұмыс істеді және генетика, биохимия, онтогенетика (даму биологиясы), омыртқалылар анатомиясы мен экологияны қоса алғанда, бірқатар биологиялық пәндерден сабақ берді.
Оқу аяқталғаннан кейін Денис Алматыдағы AECOM (АҚШ Қорғаныс министрлігімен тығыз байланысты) компаниясынан ұсыныс алды, мұнда ол Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі өңірлік үйлестіруші ретінде жұмыс істей бастады, содан кейін медициналық/ ветеринарлық үйлестіруші қызметіне тағайындалды. Бұл компанияның жұмысы Қазақстан мен Орталық Азиядағы аса қауіпті патогендерді анықтауды, бақылауды және қадағалауды жақсартумен, сондай-ақ Қазақстан аумағында жалпы эпидемиологиялық бақылауды күшейтумен байланысты.
2011 жылдың мамыр айында д-р Буланин Назарбаев Университеті жанындағы Өмір туралы ғылымдар орталығында жетекші ғалым-зерттеуші қызметіне ұсыныс алды, оны қуана қабыл алды. 2012 жылы д-р Буланин Өмір туралы ғылымдар орталығында Регенеративті медицина және жасанды органдар кафедрасының директоры қызметіне тағайындалды.
2015 жылдың наурыз айында д-р Буланин Назарбаев Университетінің медицина мектебінен биомедицина бойынша ассистент-профессор лауазымында сабақ беру туралы ұсыныс алды, қазіргі кезде осы лауазымды иеленіп отыр.