Оқытушылар мен зерттеу жұмыстары

287361
Арман Сапаров
Позициясы:
Қауымдастырылған профессор
Офис тел.:

Ғылыми қызығушылық

Иммунология; қабыну; жүрек-қан тамырлары аурулары; бағаналы жасушалар; дәрілік заттарды жеткізу жүйелері; тіндік инженерия; регенеративті медицина.

Өмірбаян
Іріктелген жарияланымдар

1994 жылы доктор Арман Сапаров АҚШ-тың Бирмингем қаласындағы Алабама университетінің медицина мектебіне профессор Кейси Уивердің жетекшілігімен докторантурадан кейінгі дайындықтан өтуге шақырылды. 1998 жылы сол мекемеге тұрақты оқытушылық қызметке ауыстырылды.

2001 жылдан 2007 жылға дейін доктор Сапаров Нью-Джерси штатының Принстон аймағында орналасқан Xenogen Bioscience компаниясында әр түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Xenogen команиясында жұмыс атқарған кезінде ол иммунология, қабыну, жасушалық технология және гендік инженерия саласындағы ғылыми жобаларды басқарды. Оның зерттеуінің негізгі бағыты аурулардың патогенезінің молекулалық механизмдерін анықтау және әр түрлі аурулардың, соның ішінде жүрек-қан тамырлар аурулары, пневмония, ревматоидты артрит, қант диабеті, энцефалит және басқа да аурулардың басталуы мен дамуына гендердің әсерін анықтау болды. Доктор Сапаров сонымен қатар осы ауруларды емдеуге арналған жаңа препараттарды сынақтан өткізу зерттеулерін басқарды. Ол өзінің жобаларында әлемдегі ең ірі фармацевтикалық компаниялардың катарына кіретін Pfizer, Merck, Bristol-Myers Squibb және Schering Plough сынды компаниялармен бірге жұмыс жасады.

2007 жылы доктор Сапаров Massachusetts General Hospital және Brigham and Women’s Hospital ауруханаларының негізінде қаланған Partners HealthCare System коммерциялық емес денсаулық сақтау жүйесіне қосылды. Бұл ауруханалар пациенттерге сапалы қызмет көрсету, медициналық білім беру және биомедициналық зерттеулер бойынша әлемдік көшбасшы және Гарвард Медицина Мектебінің оқыту филиалдары.

2010 жылы Назарбаев Университетіне шақырылғаннан кейін доктор Сапаров жаңадан құрылған интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің Директоратының директоры, NU Foundation бағдарламасының деканының міндетін атқарушы, Медициналық студенттерге дайындық курстары бағдарламасының Директоры, Ғылым және технологиялар мектебінде биология кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы, Медицина мектебінің атқарушы директоры, Медицина мектебінің қабылдау комиссиясы деканының орынбасары және «Медицина ғылымдары саласындағы бакалавр» бағдарламасының директоры болып жұмыс атқарды.

 

Ғылыми қызығушылығы:

Миокард инфарктісінен кейінгі патологиялық өзгерістер өте күрделі процесс болып табылады және көптеген жасушалық популяцияларды, соның ішінде жүректе орналасқан жасушаларды, сондай-ақ қан айналымынан алынған жасушаларды және қабыну мен репаративті процестерге қатысатын басқа тіндерді қамтиды. Бұл жасушалар өздерінің секреторлық факторларымен плейотроптық әсерге ие. Бұл плейотроптық әсер негізінен жүрек ұлпасындағы қабыну мен регенерация сатысына байланысты әр түрлі деңгейде көрінеді. Шамадан тыс қабыну инфаркт аумағының ұлғаюына, патологиялық қайта құрылуға және, ақырында, жүрек қызметінің бұзылуына әкеледі. Бағаналы жасуша терапиясы ишемиялық артерия ауруларыны мен миокард инфарктісінің перспективаті емі болып саналады. Алайда, инфаркт аймағындағы зақымдану орнындағы қатал жағдайлар, соның ішінде гипоксия, тотығу және қабыну стресстері, фиброздың жоғарылауы және ангиогенездің жеткіліксіздігі, ал кейбір жағдайларда иммунологиялық жауап немесе науқастың жасушаларымен сәйкес келмеуі бағаналы жасушалардың тіршілігіне зиянды әсер етеді. Бағаналы жасушалық терапияның күрделілігі мен кемшіліктерін жою үшін дәрілік заттарды жеткізудің әр түрлі жүйелері зерттелуде, себебі олар өсу факторлары мен қабынуға қарсы цитокиндердің бақыланатын және тұрақты шығарылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, гипоксиямен және/немесе тотығу/қабыну тітіркендіргіштерімен алдын ала қатайтылған бағаналы жасушаларды немесе алдын ала дифференцирленген бағаналы жасушаларды мақсатты түрде жеткізу иммуномодуляциялық факторлар және жараларды емдейтін факторлардың бақыланатын босатылуымен бірге миокард инфарктісін факторлардың қарапайым жеткізуіне қарағанда тиімдірек емдейді. Бұл нәтижеге бағаналы жасушалар миокард инфарктісі мен қабынуының мөлшерін азайтуы арқылы және функционалды жүрек ұлпасын құруға көмектесу арқылы жетеді.