Оқытушылар мен зерттеу жұмыстары

Anargul Kuntuganova newjpg
Анаргүл Күнтуғанова
Позициясы:
Нұсқаушы
Офис тел.:

Ғылыми қызығушылық

JCI стандарттарын клиникалық қызмет нәтижелері бойынша да, операциялық үдерістер бойынша да қолдану тиімділігі, тәуекелдерді басқару жүйесінің, оқыс оқиғалар туралы есептілік жүйесінің маңыздылығын қабылдау және түсіну және т.б.

Өмірбаян
Іріктелген жарияланымдар

1999 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін (физика-математика факультеті), Анаргүл Күнтуғанова Алматыдағы Қазақстандық қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде магистрлік бағдарламалардың студенттері мен қысқа мерзімді курстардың қатысушыларына арналған ақпараттық технологиялар бойынша дәріскер ретінде өз мансабын бастады. Жұмыс барысында Анаргүл Күнтуғанова ДДҰ, ЮНИСЕФ, British Council, USAID, американдық өнеркәсіптік гигиена қауымдастығы және Қазақстандағы Сорос қоры сияқты халықаралық ұйымдармен қаржыландырылатын көптеген халықаралық жобаларға қатысты.
2007 жылдан 2015 жылға дейін Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығын зерттеу орталығында (ҰҒАБДЗО) әр түрлі лауазымдарды атқарды, ол қазіргі уақытта «University Medical Center» корпоративтік қорына ( Астана қ.) кіреді. Осы кезең аралығында ол ауруханаларды басқару саласындағы ұлттық медициналық холдингтің бірнеше пилоттық жобаларына қатысты: австриялық Vamed Management und Service GmbH компаниясын сенімді басқару, медициналық көмек көрсету сапасы және пациенттердің қауіпсіздігі бойынша JCI стандарттарын енгізу, эндо бейнеохирургия бойынша білім беру орталығын ашу, теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін енгізу, тәуекелдерді басқарудың интеграцияланған жүйесін енгізу және т.б. Анаргүл ҰҒАБДЗО-да оқытушылар құрамының мүшесі болды, ҰҒАБДЗО ұйымдастырған қысқа мерзімді оқу курстары мен ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша дәрістер оқыды. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Франкфурт қаржы және менеджмент мектебінде (Германия) Денсаулық сақтау және ауруханаларды басқару бойынша MBA 2 жылдық халықаралық бағдарламасында оқыды.
2016 жылдан бастап Күнтуғанова ханым «University Medical Center» корпоративтік қорының (UMC) орталық кеңсесінде, 4 аурухананы басқаратын коммерциялық емес компанияда (ННЦМД, РДЦ, НЦДР, ННЦОТ), барлық ауруханаларда бірге тәуекелдерді кешенді басқаруды үйлестіру үшін тәуекелдерді басқару бөлімінің басшысы ретінде жұмыс істеді.