Назарбаев Университеті Медицина мектебі Қазақстан Республикасында медициналық білім беру сапасын жақсарту және денсаулық сақтау реформасының проблемаларын шешу үшін қажетті денсаулық сақтау жүйесін трансформациялауға үлес қосу үшін құрылған. Ол бүкіл әлемнен шақырылған дәрігерлер мен биомедициналық ғалымдардың әртүрлі мұғалімдері ағылшын тілінде оқытатын, елде алғаш рет батыстық үлгідегі оқу бағдарламасын ұсынады.
Назарбаев Университеті Медицина Мектебінің (НУММ) мақсаты ғылыми қаруланған, білікті және адамның тіршілік жағдайларын жақсартуға, медицина ғылымын іргелі түсінуді ілгерілетуге жұмылған және Қазақстанда медицина мен медицина ғылымын дамытуға елеулі үлес қосуға дайын дәрігерлер даярлау болып табылады. НУММ-да білім алған дәрігерлер:
Назарбаев Университеті Медицина Мектебінің миссиясы тамаша дәрігерлер дайындайтын медициналық білім берудің жаңа моделін жасау және елде дәрігерлер даярлаудың тұтастай алғанда Қазақстан халқына медициналық-санитариялық көмектің сапасын арттыру мақсатында осы моделді Қазақстанның басқа өңірлеріне беру болып табылады.
Мектептің мақсаты Қазақстан Республикасының, Орталық Азияның және одан тыс халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін медициналық білім беруде, биомедициналық зерттеулерде және пациенттерді күтуде озық білім беру орталығына айналу болып табылады.
Біздің стратегиялық академиялық серіктесіміз Питтсбург Университетінің Медицина Мектебі. 2012 жылы Питтсбург Университетінің Медицина Мектебіне 125 жыл толды, ол ғылыми қаруланған, тәжірибесі бар және 21 ғасырда практикалық медицинаның өктем талаптарына жауап беруге дайын бейілді дәрігерлер болып табылатын, сондай-ақ адамның өмір сүру жағдайын жақсартуға және медицина ғылымының іргелі ұғымдарын ілгерілетуге бағдарланған осы заманғы озық зерттеулер жүргізуге дайын дәрігерлер дайындауда Назарбаев Университеті Медицина Мектебінің мақсаттарын қолдайды. Мектеп биомедициналық зерттеулер бойынша таңдаулы АҚШ университеттерінің бірінші ондығына кіреді, оған Ұлттық денсаулық институты қаржылық қолдау көрсетеді, оның дәрігер түлектері АҚШ-та дәйекті түрде медициналық лицензиялаудан өткізіледі және іс жүзінде барлық Медицина салаларында таңдаулы оқу бағдарламаларында оқуын жалғастырады. Мектеп д-р Джонас Солк пен оның ғалымдар командасының полиомиелитке қарсы бірінші қауіпсіз, тиімді вакцинаны ойлап табуымен жақсы таныс, ал жуырда күндердің бір күнінде сал болып қалған адамдардың олардың миларынан берілетін сигналдарды пайдаланып робот қатысатын аяқ-қолдарын дербес басқаруға мүмкіндік беретін өміршең клиникалық орган мен компьютерлік мидың интерфейсті технологиясы ретінде органдарды трансплантациялау жаңашылдық ілгерілеуімен атағы тағы шықты.
Назарбаев Университетінің (NUSOM) Медицина мектебіне қош келдіңіздер! Мен үшін NUSOM деканы мен негізін қалаушы болу және денсаулық сақтау саласындағы болашақ қазақстандық мамандарды (дәрігерлер, медбикелер, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандар) және зерттеушілерді оқытуға мүмкіндік алу үлкен құрмет. Мектеп өз мақсатын шығармашылық қабілеттер, өмір бойы оқыту және жаңалықтар қолдау көретін және марапатталатын, жағымды және ынталандырушы академиялық ортаны құра отырып, медициналық ағарту және биомедициналық зерттеулер саласындағы көшбасшылықты тудыруға және қолдауға қабілетті, әлемдік деңгейдегі институт болуды мақсат етті. NUSOM АҚШ-тағы ең ірі академиялық медициналық орталықтардың бірі болып табылатын, Питтсбург университетінің медицина мектебімен бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы алғашқы интеграцияланған академиялық Денсаулық сақтау жүйесінің орталығы ретінде құрылған. Бұл Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау, медициналық білім беру және биомедициналық зерттеулер саласындағы болашақ көшбасшыларды дайындау мақсатында ағылшын тілінде оқытылатын медициналық білім берудің американдық жүйесіне негізделген, алғашқы медициналық білім беру бағдарламасы. Біз сондай-ақ клиникалық практикаға іргелі ғылымның жаңалықтарын енгізу мақсатында халықаралық стратегиялық әріптесіміз, зерттеу орталықтарымен (Назарбаев университетінің Жаратылыстану ғылымдары орталығы) және ауруханаларымызбен (University Medical Center) ынтымақтастықта биомедициналық зерттеулердің кешенді бағдарламасын әзірлеуді жүргізудеміз. Мектеп Сізге әлеуетті студент, оқытушы немесе қызметкер ретінде ұсына алатын, денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер жүргізу бағытындағы біліміңізге арналған келешегі зор мүмкіндіктерді ашу үшін интернет парақшамыздағы ақпаратты оқып шығуға уақытты табуыңызды сұраймыз.
Медицина жөніндегі вице-президент - Медицина мектебінің Деканы