Акушерлік және гинекология резидентурасының бағдарламасы

Акушерлік және гинекология резидентурасының бағдарламасы

Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасы  (АК/ГИБ) – бұл  медициналық қызмет көрсетудің өсе түсіп отырған тәжірибесін, хирургиялық тәжірибені және жауапкершілікті қамтамасыз етуге арналған акушерлік пен гинекологияның барлық аспектілерін қамтитын дипломнан кейін білім беретін төрт жылдық бағдарлама. Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасының мақсаты акушерлік және гинекология саласында көшбасшы болу мүмкіндігі бар тамаша ізденімпаз дәрігерлерді оқыту, сондай-ақ клиникалық практика мен зерттеулер тәжірибесі бар және Қазақстан Республикасында және халықаралық деңгейде әйел денсаулығы стандарттарын жақсартауға қабілетті      АК/ГИБ саласында сенімді мамандар дайындау болып табылады.

Клиникалық бағдарлама акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасы  үшін АСПМО талаптарына сәйкес әзірленген және  бүкіл резиденттер үшін АСПМО айқындаған барлық кәсіби құзыретке және бақылау нүктелеріне сай келеді.

Әрі қарай оқу ...

Оқыту нәтижелері 

Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламсын аяқтағанда резиденттер акушерлік және гинекология үшін АСПМО бақылау нүктелерінің көбі бойынша ғалым дәрежесін алу үшін мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс, атап айтқанда:

1. Медициналық білім (МБ). Резиденттер қазіргі және дамып келе жатқан  биомедицина, клиникалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік және мінез-құлық ғылымдары салаларында білімдерін көрсетуі және осы білімдерді  пациенттерге күтім көрсету процесінде қолдануды көрсетуі тиіс. Резиденттер мына салаларда меңгерген білімдерін көрсетуі тиіс:

  • денсаулықты қолдауды, аурулардың профилактикасын, диагностикасын, емдеуді, бірлескен емдеу бойынша консультацияларды және маман дәрігерлерге жіберуді қоса алғанда, әйелдердің репродуктивті  денсаулығын сақтау және амбулаториялық бастапқы медициналық-санитариялық көмек;
  • пубертаттықтан бастап жасөспірім жасқа дейін, ного до подросткового возраста, репродуктивті жаста, етеккір үзілісі, сондай-ақ  қартайып босанатын жаста денсаулық сақтау;
  • клиникалық акушерлік пен гинекологияға; қолданбалы хирургиялық анатомия мен патологияға; физиологияға және и и, связанных с репродуктивті  функциямен байланысты  патофизиологияға қатысты іргелі ғылымдар негіздері;
  • тәуекел мен пайдалар, эпидемиология, статистика, деректерді жинау және басқару негіздері, сондай-ақ медициналық әдебиеттерді пайдалану және оның құндылығын бағалау;
  • әлеуметтік-экономикалық және мәдени шыққан тегі әр түрлі әйелдердің денсаулығына әсер ететін мінез-құлық және әлеуметтік факторлар.

2. Медициналық қызмет көрсету (МҚ). Резиденттер медициналық проблемаларды шешу және денсаулықты нығайту мақсатында пациенттерге адамгершілік, тиімді және барабар күтім көрсетуді қамтамасыз ету қабілетін көрсетуі тиіс. Резидентткр келесі білімдерін көрсетуі тиіс:

  • пациенттің шағымдарын бағалау, тексеруді,  тиісті диагностикалық зерттеулер, дұрыс дигноз қою және тиісінше емдеу ұқсмынымдары әдістерін дәл жүгізу;
  • мыналарды қоса алғанда, акушерлік пен гинекология саларында:
  • репродуктивті жолдың қалыпты физиологиясын;
  • тәуекелдің жоғары дәрежесімен шектес мінез-құлық, мысалы,  көптеген жыныстық серіктестер, контрацепцияның болмауы, жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғанудың болмауы немесе тыйым салынған заттарды қолдану;
  • сүт безі аурулары диагностикасын және хирургиялық емесе емдеу;
  • жүктілік уақытында медициналық және хирургиялық асқынулар;
  • бала туу, оның ішінде акушерлік қысқыштарды және/немесе вакуумды экстракторды пайдаланып босану;
  • гинекологиялық операциялар;
  • акушерлік және гинекология саласында елеулі ауруы бар пациентерді емдеу;
  • акушерлік және гинекология патологиялары;
  • әйелдерді етеккір үзілісі кезеңіде күту және емдеу;
  • хирургиялық түзетуді қоса алғанда жабас түбі қызметінің бұзылу диагностикасы және емдеу;
  • репродуктивті эндокринологияны және бедеулікті;
  • отбасын жоспарлау, генетика және түсіктер;
  • психосоматикалық және психосексуалдық консультациялар;
  • контрацепцияның қайталанбас тәсілдерінің асқынуын емдеу және осы рәсімдерді орындау; сондай-ақ
  • амбулаториялық бастапқы медициналық көмекті қоса алғанда, гериатриялық медицинана.
  • УДЗ және визуалдандырудың басқа да тиісті әдістерін қоса алғанда, жиі пайдаланылатын акушерлік  диагностикалық рісімдердің толық аясын;
  • әйелдерге тамақтану, дене жаттығулары, денсаулықты қолдау, тәуекелдің жоғары дәрежесімен шектесетін мінез-құлық және жүктілік пен босануға дайындық бойынша консультациялар беру;
  • генетикалық амниоцентезді бастан кешкен әйелдерге консультациялар беру; барлық жастағы әйелдерге үздіксіз күтім көрсету;
  • жергілікті ресуртарды тиісінше пайдалану және қажет болса, басқа дәрігерлердің консультациялары;
  • отбасындағы зорлықты, сексуалдақ зорлықты және уытқұмарлықты қоса алғанда мінез-құлық медицинасын және психикалық әлеуметтік проблемаларды;
  • шұғыл көмекті; және денсаулықты нығайту мен аурудың профилактикасын қоса алғанда, қоғамдық медицинаны.

3. Жеке және коммуникациялық дағдылар (ЖКД). Резиденттер тиімді ақпарат алмасуды және пациенттермен, олардың отбасыларымен және медицина қызметкерлерімен ынтымақтастықты қамтамасыз ететін жеке және коммуникациялық дағыларды көрсетуі тиіс. Резиденттер мыналарды жүзеге асыруы тиіс:

  • пациентттермен, отбасылармен және қажет болса, қоғамдастықпен әлеуметтік-экономикалық және мәдени тиістіліктің кең ауқымды мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимыл жасау;
  • денсаулықсақтау командасының немесе басқа да кәсіби топтың көшбасшысы функциясын тиімді орындау; басқа дәргерлерге және денсаулық сақтау маманадарына консультациялар беру;
  • медициналық және әкімшілік құжаттарды уақтылы және мұқият жүргізу;
  • консультациялар беру, бірлесіп шешім қабылдауға қатысу және емдеудің барабар әдістерін, тәуекелдерді, пайдаларды, осы рәсімдердің асқынулары мен периоперациялық курсыстарын қоса алғанда рәсімдерге ақпараттық келісім алу;
  • пациенттер мен олардың отбасыларын, осы процесте тәуекелдерді басқаруды қоса алғанда, зиян келтірген дәрігерлік қате туралы ақпарат беру;
  • оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін кәсібиаралақ және пәнаралық медицина командаларына басшылық жасау; күтім көрсетуді ауыстыруды және топқа нұсқамаларды тиімді жүргізу;
  • своевременно отвечать на запросы о консультациялар туралы сұранымдарға аутылы жауап қайтару және сұраған тарапқа ұсынымдар беру;
  • отбасының/пациенттің/команда мүшесінің қатысуымен пәнаралық кеңестер ұйымдастыру және қатысу.

4. Кәсіби шеберлік (К). Резиденттер кәсіби міндеттерін орындауға және этичкалық принциптерге бейілділігін көрсетуі тиіс. Резиденттер мыналарды көрсетуі тиіс:

  • көңіл білдіру, адаолдық және басқаларға құрмет;
  • өз мүдделері алдында артықшылығы бар пациенттердің тиісті мұқтаждықтарына ден қою ;
  • пациенттердің жеке өмірін және туелсіздігін сыйлау;
  • пациенттерге, қоғамға есеп беру, кәсібін түсіну;
  • елгезектік және жынысы, мәдениеті, нәсілі, діні, мүмкіндіктері, сондай-ақ сексуалдық бағдары бойынша айырмашылықтармен шектемеуді қоса алағанда, пациенттердің әр түрлі конингенттеріне ден қою мүмкіндіктері;
  • ұқыптылық пен жауапкершілікті арттыру үшін басқаларды үйрету қабілеті;
  • пациенттерге күтім көрсету бойынша міндеттерін уақтылы орындау үшін басқаларға көмек ұсыну қабілеті;
  • шаршау және есеңгіреу жағдайын түсіну және олардың салдарын жұмсарту қабілеті.

5. Практикалық оқыту және жетілдіру (ПОЖ). Резиденттер өздерінің пациеттерге күтім көрсету сапасын зерттеу және бағалау, ғылыми деректерді бағалау және қорытындылау, сондай-ақ тұрақты өзін өзі бағалау және үздіксіз білім алу негізінде    медициналық қызмет көрсетудің сапасын үзіліссіз жақсарту қабілетін көрсетуі тиіс. Резиденттер келесі мақсаттарға қол жеткізу мақсатында дағдылар мен әдеттерді дамытуы тиіс:

  • мықты және осал тұстарын, сондай-ақ білім мен тәжірибені шекараларын  айқындау;
  • білім беру және қызметті жақсарту мақсатын қою; тиісті білім беру нысанын айқындау және орындау;
  • сапаны жақсарту әдістерін пайдаланып практиканы жүйелі талдау, сондай-ақ сапаны жақсарту мақсатында өзгерістер енгізу;
  • пациенттердің медициналық проблемаларына қатысты ғылыми зерттеулер деректерін айқындау, бағалау және интеграциялау;
  • пациенттерге, отбасыларына, студенттерге, резиденттерге және денсаулық сақтаудың басқа да мамандарына білім беруге қатысу;
  • департаменттер немесе мекемелер деңгейінде сапаны жақсарту бойынша процестерге және комитеттерге қатысу.

6. Жүйелі практика (ЖП). Резиденттер денсаулық сақтаудың барынша кең мәнмәтіні мен жүйесін түсінуді және ден қоюды сондай-ақ оңтайлы медициналық қызметті қамтамасыз ету үшін жүйедегі басқда ресурстарды тиімді пайдалану қабілетін көрсетуі тиіс. Резиденттер мыналарды жүзеге асыруы тиіс:

  • медициналық қызмет көрсетудің әр түрлі мекемелерінде және олардың клиникалық салалармен байланысты жүйелерінде тиімді жұмыс істеуі;
  • олардың клиникалық салаларымен байланысты  денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде пациенттерге күтімді үйлестіру;
  • пациентке/қажет болғанда  халыққ күтім көрсету шеңберінде қаражатты жұмсауды есепке алуды және тәуекелдер мен пайданы талдауды қамтамасыз ету;
  • пациенттердің қауіпсіздігін арттыру және медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту үшін кәсібиаралық командаларда жұмыс істеу;
  • жүйелік қателіктерді айқындауға және әлеуетті жүйелік шешеімдерді іске асыруға қатысу;
  • қателіктер мен қатерлер туралы бақылау жүйесіне және басшылыққа баяндау;
  • пациенттерге консультациялар беруді қоса алғанда, күтім көрсетудің өмірлік сапасы/құны тұрғысынан пациенттерге күтім көрсетудлің нұсқаларын талдау;
  • пациенттердің сапасын/қауіпсіздігін жақсарту жобаларына белсенді қатысу.

Осы білім берудің жалпы нәтижелері біздің резидентураның білім беру бағдарламасының негізгі бөлігі болып табылады. Біздің миссиямыз өз пациенттеріне жоғары сапалы қызмет ұсынатын және өзінің бүкіл жұмысы бойы әйелдердің денсаулығына елеулі үлес қосатын дәрігерлерге білім беру болып табылады.

Бағдарламаның құрылымы және академиялық мазмұны.

Клиникалық бағдарлама акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасы үшін АСПМО талаптары негізінде әзірленген және жоғарыда айтылған барлық резиденттер үшін АСПМО айқындаған барлық кәсіби құзыреттерге және бақылау нүктелеріне сәйкес келеді.

ПДГ1

Интернатураның бірінші жылы (бірінші курс резиденттері) «UMC» және/немесе оқытушы-профессорлар құрамының емдеуші дәрігерлерінің және НУММ тәлімгерлерінің басшылығымен бірнеше стационарлық бөлімшелерде жіті және созылмалы аурулардан зардап шеккен пациенттермен клиникалық тәжірибе алуға ерекше назар аударылады.

Бағдарламаның білім беретін бірінші жылында (қыркүйек 2019 – тамыз 2020) іс жүзінде барлық клиникалық практика  2 (екі) ауруханада өтетін болады:

Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы (ННЦМД);

№2 қалалық аурухана (ГБ2)

Резиденттер келесі стационарлық бөлімшелерде (акушерлік те сондай-ақ гинекологиялық та)  3 апталық орын ауыстырудалардан өтетін болады:

  1. Акушерлік (ННЦМД)
  2. Гинекология (ННЦМД)
  3. Акушерлік (ГБ2)
  4. Гинекология (ГБ2)

ПДГ2

Білім берудің екінші жылы қосымша клиникалық дағдылардың дамуына, дербестікке және басшылық жасау мен басқаруда тәжірибе жинақтауға арналатын болады.

Қадағалау функциялары жалпы да, сондай-ақ АК/ГИН мамандандырылған командаларында  стационарлық және амбулаториялық бөлімшелерде орындалатын болады.

Резиденттер өздерінің клиникалық дағдыларын стационарлық және амбулаториялық бөлімшелерде 3 айлық орын ауыстырулардан өту арқылы дамыта алады (акушерлік және гинекология, РЭБ, УЗИ/Кольпоскопия):

  1. Акушерлік (ННЦМД)
  2. Гинекология (ННЦМД)
  3. РЭБ (ННЦМД)
  4. УЗИ/Кольпоскопия (ГБ2, ННЦМД)

Осымен бір уақтта резиденттердің «UMC» барлық үш емдеу орталығының немесе басқа да үлестес және  сертификатталған орталықтардың артықшылықтарын пайдаланып жеке жоспар бойынша айқындалуы тиіс өзерінің жеке көлденең клиникалық тәжірибесі болады.

Бұдан басқа, резиденттер тәлімгерлік жұмыс және жеке сапасын арттыру және НУММ зерттеу жобалары арқылы өздерінің әлеуетті зерттеу мүдделерінің дамуына және кеңеюіне ынталандырылатын болады.

ПДГ3

Білім берудің үшінші жылы қосымша клиникалық дағдылардың дамуына, дербестікке және басшылық жасау мен басқауда тәжірибе жинақтауға арналатын болады.

Қадағалау функциялары жалпы да, сондай-ақ мамандандырылған командаларда  стационарлық және амбулаториялық бөлімшелерде орындалатын болады.

Резиденттер өздерінің клиникалық дағдыларын стационарлық және амбулаториялық бөлімшелерде 3 айлық орын ауыстырулардан өту арқылы дамыта алады (акушерлік және гинекология, босануға дейін күтім көрсету, онкология):

  1. Акушерлік (ННЦМД)
  2. Гинекология (ННЦМД)
  3. Босануға дейін күтім көрсету (ННЦМД)
  4. Онкология (ГБ2 және кейіннен айқындалатын басқа орталықта)

ПДГ4

Білім берудің төртінші жылы қосымша клиникалық дағдылардың дамуына, дербестікке және басшылық жасау мен басқаруда тәжірибе жинақтауға арналатын болады.

Қадағалау функциялары жалпы да, сондай-ақ мамандандырылған командаларда  стационарлық және амбулаториялық бөлімшелерде орындалатын болады.

Резиденттер өздерінің клиникалық дағдыларын стационарлық және амбулаториялық бөлімшелерде 3 айлық орын ауыстырулардан өту арқылы дамыта алады (акушерлік және гинекология, босануға дейін күтім көрсету, онкология):

  1. Акушерлік (ННЦМД)
  2. Гинекология (ННЦМД)
  3. Босануға дейін күтім көрсету (ННЦМД)
  4. Онкология (ГБ2 және кейіннен айқындалатын басқа орталықта)

2021 © School of Medicine